Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауының үздіктері марапатталды

Алматы облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026
Жаңалықтар

Биыл байқауға Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларынан 146 отбасы қатысып, олардың арасынан 12 отбасы облыстық кезеңнің үздіктері қатарынан көрінді.

Байқау қорытындысы бойынша тоғыз отбасы ынталандыру марапатына ие болса, үш отбасы жүлделі орындарды иеленді.

Бірінші орын Кеген ауданынан қатысқан Бақашовтар отбасына бұйырды. Екінші орынды Жамбыл ауданындағы Асқаровтар отбасы иеленсе, үшінші орын Іле ауданынан келген Тинибаевтар отбасына берілді.

Салтанатты шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының негізгі мақсаты – отбасы институтының беделін арттыру, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамға үлгі болар өнегелі отбасылардың тәжірибесін кеңінен насихаттау.

Шара барысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттар табысталып, үздік отбасылар естелік суретке түсті. Салтанатты рәсім мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Мерейлі отбасы» байқауының үздіктері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

«Біз екі адамның өміріне жауаптымыз»: Қонаевтағы акушер Замира Жуандықованың мамандыққа адалдық жолы

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

Өзбекстандағы қазақ мектебіне жазушы Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

Құрылтайға ел тағдырын айқындайтын мәселерді шешуге қатысты аса ауқымды құзырет берілді – Президент

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі – Мемлекет басшысы

Қорлан Нұрланқызы
28.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz