Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында кедендік рәсімдеу тәртібі өзгереді

Қаржы министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің аумақтық құзыретіне өзгеріс енгізді. Жаңа тәртіп 29 қыркүйектен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.09.2026
Жаңалықтар

Тиісті бұйрыққа Қаржы министрі 2026 жылғы 15 қыркүйекте қол қойған. Өзгерістер Алматы агломерациясы аумағындағы Іле және Қарасай аудандарында орналасқан бірқатар жер учаскесіне қатысты.

Аталған аумақтарда ірі көлік-логистикалық нысандар мен уақытша сақтау қоймалары орналасқан. Қаржы министрлігінің №511 бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, бірқатар жер учаскесі Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының құзыретінен шығарылып, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарауына беріледі.

Атап айтқанда, Іле ауданындағы Жетіген елді мекеніне, қазіргі Алатау қаласына жақын орналасқан аумақтар мен ҚазЦик ауылдық округіндегі логистикалық нысандар жаңа құзырет аймағына енеді. Қарасай ауданында өзгеріс Боралдай елді мекені маңындағы және Көкөзек есептік орамындағы нысандарға қатысты.

Осы аумақтарда жұмыс істейтін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен уақытша сақтау қоймаларының иелері үшін мемлекеттік кірістер органы өзгереді. Бұдан былай кедендік рәсімдер, декларацияларды ресімдеу және камералдық бақылау Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының құзыретінде болады.

Министрлік мұндай шешімнің мақсаты қарқынды дамып келе жатқан Алматы агломерациясында фискалдық бақылау мен кедендік әкімшілендіруді оңтайландыру екенін атап өтті.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz