Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Алматы облысында газ жарылысынан бір адам мерт болып, бес адам жарақат алды

Оқиға Іле ауданының Өтеген батыр кентінде болған, деп хабарлайды Alataunews.kz.

31.08.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

31 тамыз сағат 10:21-де Алматы облысы ТЖД пультіне хабар түсті. Онда Іле ауданының Өтеген батыр кентінде Жерұйық көшесінде PolpanInsulation ЖШС зауытының жылу оқшаулағыш плита өндіретін ғимаратында газ-ауа қоспасының тарсылы, кейіннен 50 шаршы метр алаңда қабырға қаптамасы жанғаны және жалпы ауданы 400 шаршы метр шатыр мен қабырғаның опырылып құлағаны айтылған. Мамандар дереу жіберілді.

«Өрт сағат 10:35-те ауыздықталып, сағат 10:50-де сөндірілді. Жалпы ауданы — 50 шаршы метр», — делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқиға орнына сағат 10:24-те келген кезде 50 шаршы метр алаңда екі қабатты ғимараттың қабырғасының қаптамасы жанып жатқаны, сондай-ақ жарылыс салдарынан ғимараттың шатыры мен қабырғасының опырылып құлағаны анықталды. Оның жалпы ауданы — 1250 шаршы метр.

«Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, сондай-ақ полиция қызметкерлері, 3 жедел жәрдем бригадасы және басқа да өзара іс-қимыл қызметтері қатысты. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр», — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 5 адам орташа ауыр жарақат алып, бір адам көз жұмған.

Тегтер: газжарылысоқиға

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
18.09.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
18.09.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
18.09.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
18.09.2026

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz