Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында цифрлық технологияның көмегімен өлім-жітім 31 пайызға азайды

Алматы облысында қоғамдық орындар мен автомобиль жолдарына орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен өлім-жітім көрсеткіші 31 пайызға төмендеген. Өңірде 9500-ге жуық камера жұмыс істейді. Жыл басынан бері олардың көмегімен анықталған құқықбұзушылықтар үшін салынған айыппұлдардан бюджетке 11,5 миллиард теңге түскен. Бұл туралы цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде айтылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026
Жаңалықтар

Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады. Өңір басшысы цифрлық технологияларды енгізу мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырып қана қоймай, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де ықпал етіп отырғанын атап өтті.

«Бүгінде цифрлық технологиялар өндірістен бастап мемлекеттік басқаруға дейінгі барлық саланың жұмыс тәсілін түбегейлі өзгертіп, жаңаша даму мүмкіндіктеріне жол ашуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бізге елімізді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін жүктеген болатын. Осы бағытта облысымыздағы шалғай елді мекендерді ғаламтор жүйесімен қамту, «Қолжетімді интернет» жобасы аясында байланыс желілерін тартып, IT-инфрақұрылым сапасын одан әрі жақсарту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Ең бастысы, енгізіліп жатқан сандық технологиялар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғасын азайтып, адам өмірін сақтауға нақты септігін тигізіп отыр», – деді Шыңғыс Әрінов.

Облыста цифрлық қызметтерді дамыту бағытында да бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, тұрғындардың өтініштерін қабылдайтын «109» қызметі арқылы 73 мыңнан астам азаматтың мәселесі шешілген. Сонымен қатар цифрлық бақылау жүйесінің көмегімен 188 жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Өңірде интернет инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылған. Қазіргі уақытта Алматы облысындағы 376 елді мекеннің 365-і мобильді байланыс және интернет желісімен қамтылған. Бұл жалпы елді мекендердің 97 пайызынан астамын құрайды. Келесі жылы тағы сегіз ауылды сапалы интернетке қосу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, қолданыстағы байланыс желілері 4G стандартына сәйкес жаңғыртылады.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында облыстың 85 ауылына талшықты-оптикалық байланыс желісі тартылған. Биыл 29 елді мекендегі әкімдіктер, мектептер мен фельдшерлік пункттер интернетке қосылды. Ал тұрақты байланыс желісі толық іске қосылғанға дейін 23 ауылға уақытша Starlink станцияларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы байланыс сапасын жақсарту үшін жыл соңына дейін 17 антенна-діңгек құрылысын аяқтау көзделген. Сонымен қатар Көлсай мен Шарын туристік аймақтарында мобильді байланыс пен Freedom Telecom компаниясының тегін Wi-Fi желісі жұмыс істейді.

Цифрландыру саласына жастарды тарту жұмыстары да жалғасуда. Қонаев қаласындағы Alatau Hub орталығында биыл 90-нан астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 1400-ден астам адам қатысқан. Ал «Digital Keruen» жобасы арқылы өңір тұрғындары ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Бұдан бөлек, хакатондар, Google Cloud шеберханасы және Startup Orda бағдарламасы аясында жастарға арналған оқыту шаралары өткізілді.

Салтанатты жиын барысында цифрландыру саласының үздік қызметкерлері Алматы облысы әкімінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапат иелерінің бірі Арман Әлмереков өңірдегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстардың маңызын атап өтті.

«Еңбегімнің ескеріліп, Алматы облысы әкімінің Алғыс хатына ие болғаныма өте қуаныштымын. Кәсіби мереке қарсаңында көңіліміз бір марқайып қалды. Біз цифрлық технологияның көмегімен облыстағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлесімізді қосып келеміз. Тұрғындарды жылдамдықты асырмай, ережелерді сақтауға шақырамыз. Алдағы уақытта жұмысымызды жетілдіріп, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қызметімізді жалғастыруға ниеттіміз», – деді ол.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, цифрлық инфрақұрылымды кеңейту, елді мекендерді сапалы интернетпен қамту және қоғамдық қауіпсіздік жүйелерін жетілдіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының әкімі Алатау қаласының тұрғындарымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Ауылда жүріп-ақ кәсіп ашқан: Алматы облысының жастары немен айналысып жүр?

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы облысында су құбыры желілерін жаңғыртуға 37,7 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Алматы – Қонаев тасжолы ақылы жолдар рейтингінде көш бастады

Қорлан Нұрланқызы
11.11.2026

Өміріңді таңда: зиянды әдетке жол жоқ

Акжаркын
11.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz