Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында білім беру саласында пара алған шенеуніктердің тізімі жарияланды

Жемқорлардың тізімін Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

26.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Аймақта білім беру саласында, соның ішінде кадр мәселесін шешуде, мемлекеттік бағдарламаларға қарастырылған қаржыны жұмсау мен мемлекеттік сатып алу барысында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары белең алып жатыр.

Нақты фактілермен өңірлік антикоррупциялық қызмет басшысы растады.

«Олардың арасында Қапшағай қаласы білім беру бөлімінің басшысы Раиса Ешимова өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы жүйелі негізде жеке кәсіпкерлердің есеп шотына олармен қызмет көрсетуге және орта мектептерде жұмыс көлемдерін нақты орындауға шарттар жасаспай, жалпы сомасы 1 млн теңгеден астам бюджеттік ақша қаражатын заңсыз аударғаны және жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды», – деді Серік Орымбетов.

Бұдан бөлек білім беру саласында қызмет атқарған:

  • «Көксу ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Т.С. білім беру мекемелерінде 9 дезинфекциялық туннель орнатқаны үшін пара алғандықтан;
  • Қарасай ауданы Үштерек ауылының бұрынғы мектеп директоры Ж.Қ. мектепке жұмысқа орналастыру кезінде 200 000 теңге сомасында пара үшін;
  • Еңбекшіқазақ ауданы Баяндай орта мектебінің директоры М.Қ. пара алғаны үшін сотталды және сот үкімімен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сонымен қатар облыстық білім басқармасының бұрынғы басшысы М.О. және оған қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.М, сондай-ақ білім басқармасының бас маманы Б.А. бір топ тұлғалардан 37 650 000 теңге аса ірі көлемде пара алған. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.

Тегтер: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіСерік Орымбетов

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz