Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында автожолдарды жөндеу саласын тексеру керек — сенатор

Алматы облысында автожолдарды жөндеу саласын тексеру керек – Сенат депутаты Сұлтан Дүйсембинов Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың атына жолдаған сауалында осы мәселені көтерді, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

29.09.2022
Жаңалықтар

Дүйсембиновтың мәліметінше, Алматы облысында күрделі жөндеу жұмыстары 2-3 жылға кешігіп қалды, тиісті деңгейде жүргізілмеді және техника бос тұр.

Сенатор мердігер компаниялардың өз міндеттемесін уақтылы орындамауы және сапасыз атқаруы, білікті мамандар мен қажетті техниканың жетіспеуінен деп санайды.

Оның айтуынша, бұған себеп конкурстардың өткізілуін қадағалау мен бақылаудың болмауы, сондай-ақ конкурста жеңіп шыққан мердігерлердің міндеттемесі қосалқы мердігерге берілуі болып отыр. Бұл жауапты адамдарды да іздеуді қиындатады.

«Өңірде жол жөндеу жұмыстарының уақытында жүргізілмеуі, жолдардың пайдалануға берілген бөлігінде жол жиектерінің жасалмауы және пайдаланудағы жолдардың төмен сапасы жол-көлік оқиғасы көрсеткіштерінің жыл сайын өсуіне себеп болып отыр», – деді сенатор Сұлтан Дүйсембинов.

Осы орайда, ол облыстағы автомобиль жолдарын күрделі жөндеу бойынша тиісті құзыретті органдарға тексеру жүргізуді ұсынды.

Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарының сапасын тұрақты бақылаудың нақты алгоритмін әзірлеуді, жол саласының тиісті мамандарын даярлауды және конкурс өткізу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау керек екенін айтты.

Тегтер: сенат депутатыүкімет

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz