Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 54 отбасы баспаналы болды: жыл соңына дейін тағы 645 пәтер беріледі

Алматы облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды баспанамен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. 2025 жылдан бері өңірде 3181 пәтер сатып алынып, оның 2536-сы кезекте тұрған азаматтарға берілген. Жыл соңына дейін тағы 645 пәтердің кілтін табыстау жоспарланып отыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2026
Жаңалықтар

Баспана көпбалалы аналарға, ата-анасының немесе қамқоршысының қарауынсыз қалған азаматтарға және ерекше қажеттілігі бар тұрғындарға беріледі.

Бүгін облыста бірден 54 отбасы қоныс тойын тойлады. Оның 21-і Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында жаңа пәтер кілтін алды. Кілт табыстау рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды жаңа қонысымен құттықтады.

Өңір басшысының мәліметінше, қазір Алматы облысында тұрғын үй кезегінде 74 839 азамат бар. Оның 10 мыңға жуығы Талғар ауданында тіркелген.

Соңғы екі жылда Талғар ауданында 459 пәтер сатып алынып, оның 252-сі тұрғындарға берілген. Бүгін бұл тізім тағы 21 отбасымен толықты.

Марат Сұлтанғазиев тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесі әрдайым назарымызда. Алдағы кезеңде де бұл бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, тұрғын үй қорын ұлғайтуға басымдық береміз. «Үйі бардың – күйі бар» дейді дана халқымыз. Әр отбасының өз шаңырағы, өз үйі болғаны – елдің әл-ауқатының жақсарғанының бір көрсеткіші», – деді облыс әкімі.

Жаңа пәтер кілтін алғандардың бірі – алты баланың анасы Гүлмира Құдайбергенова. Ол тұрғын үй кезегінде 2012 жылдан бері тұрған.

Көпбалалы анаға үш бөлмелі пәтер берілді. Оның бір баласының ерекше қажеттілігі бар.

«2012 жылдан бері үй кезегінде тұрып, бүгін үш бөлмелі пәтерге қол жеткіздім. Алты перзентім бар. Бір балам ерекше болып дүниеге келді. Жаңа пәтеріміз көңілімізден шықты. Іші кең, жарық әрі жайлы. Баспаналы болатынымды алғаш естігенде сенер-сенбесімді білмедім. Қатты толқыдым. Балаларымның да қуанышында шек жоқ», – деді Гүлмира Құдайбергенова.

Бүгін баспана тек Талғар ауданында ғана табысталған жоқ. Қарасай ауданында 20, Іле ауданында 13 отбасы пәтер иесі атанды. Осылайша бір күнде облыс бойынша 54 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді.

Жыл соңына дейін әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға тағы 645 пәтер беру жоспарланған. Бұл жүзеге асқан жағдайда, 2025 жылдан бері сатып алынған 3181 пәтердің барлығы тұрғындарға үлестіріледі.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz