Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 360 мыңнан астам оқушы бір мезетте ағаш дәнегін екті

Алматы облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Болашақты бірге отырғызайық» акциясы өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Биылғы экологиялық бастамаға өңірдегі 439 мектептен 360 мыңнан астам оқушы қатысты. Шара барысында оқушылар ағаш дәнектерін егіп, бірнеше жылдан бері өздері баптап өсірген көшеттерін мектеп аулаларына отырғызды.

Аталған акция алғаш рет 2024 жылы бастау алған. Жоба аясында алғашқы жылы 340 мың, өткен жылы 350 мың тұқым себілген. Мамандардың мәліметінше, олардың 60 пайыздан астамы өніп шығып, бүгінде мектеп аумақтарын көгалдандыруға пайдаланылып жатыр.

Игі шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, Іле ауданындағы №24 лицей оқушыларымен бірге Шренк шыршасы, қайың, арша, жиде, туя (бозаша), қарағаш және Сиверс алмасының дәнектерін екті. Ал өзге аудандардағы оқушылар акцияға онлайн форматта қосылды.

Сондай-ақ білім ордасының аумағына жеткіншектер бірнеше жыл бойы өздері өсіріп, күтіп-баптаған көшеттерін облыс әкімімен бірге отырғызды.

Аймақ басшысы бұл бастама тек көгалдандыру жұмысы ғана емес, жас ұрпақтың бойына табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыратын маңызды жоба екенін атап өтті.

«Бұл бастама Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” бағдарламасымен тығыз байланысты және өңірімізде жыл сайын дәстүрлі түрде жүзеге асып келеді. Ағаш дәнегін егу, көшетін отырғызу – қоршаған ортаға қамқорлықтың айқын үлгісі. Бұл жұмыстар еңбекқорлық пен ұқыптылыққа тәрбиелейді. Осындай игі істерге белсенді қатысып, үлгі көрсетіп жүргендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Алдағы уақытта да табиғатты аялау өмірлік дағдыларыңызға айналады деп сенемін», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Шара барысында оқушылар экологиялық бағыттағы ғылыми жобаларын да таныстырды. Жас зерттеушілер күн батареясымен қуатталатын көлік жобасын көрсетсе, енді бірі қалдықтарды тыңайтқышқа айналдырудың жаңа тәсілдерін зерттеп жатқанын айтты. Сонымен қатар су үнемдеу, қауіпсіз әрі экологиялық саябақтар мен аялдамалар құру бойынша бастамалар да ұсынылды.

Осылайша, акция аясында оқушылар мектеп аумақтарын көгалдандырып қана қоймай, экологиялық мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетті. Мамандардың айтуынша, бұл жоба өңірдегі білім беру ұйымдарында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналып отыр.

«Болашақты бірге отырғызайық» акциясы алдағы жылдары да дәстүрлі түрде жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын насихаттаған акция ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Қапшағай су қоймасынан 5 шақырым заңсыз ау торы шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімін ашты

Қорлан Нұрланқызы
22.06.2026

Алматы облысының спортшылары халықаралық турнирде топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
21.06.2026

Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан қыз құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
21.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz