Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысында 30 мың тонна өнім сақтайтын агрокешен іске қосылды

Алматы облысында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.09.2026
Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданында бой көтерген «QazEcoDan» заманауи кешені дәнді және майлы дақылдарды қабылдау, тазарту, кептіру және сақтау процесін іске асырады. Қазірдің өзінде кешенде 30 мың тонна өнім сақтауға мүмкіндік бар.

Өндірісте Германиядан жеткізілген технологиялық жабдықтар пайдаланылса, астық сақтауға арналған силостар Испаниядан әкелінген. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл астықты тиімді кептіруге және өнім сапасын ұзақ мерзім бойы сақтауға мүмкіндік береді.

Заманауи кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен ақсақалдар қатысты.Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов жаңа жобаның ауыл шаруашылығы мен аймақтың экспорттық әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласында өндіріс көлемін ұлғайтуға және инвестиция тартуға басымдық беріп келеді. Бүгін ашылған кәсіпорын осы міндеттерді жүйелі шешуге бағытталған. Ауданның аграрлық саласын дамытуға үлес қосқан инвесторлар мен жұмысшыларға ризашылығымды білдіремін. Жоба ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз», – деді Шыңғыс Сайранұлы.

Кешеннің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ұзындығы шамамен 3 шақырым болатын теміржол желісін салу жоспарланып отыр. Бұл астық тасымалын оңтайландырып, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға жедел жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақта кешенде өңделіп, сақталған дәнді дақылдарды Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және өзге де елдерге экспорттау жоспарлануда.

Қазір мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жобаның жалпы құны – 21 млрд теңге.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Акжаркын
02.10.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Акжаркын
02.10.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Акжаркын
02.10.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Акжаркын
02.10.2026

Алматы облысының Іле ауданында бірнеше ауылдың жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
02.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz