Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 1 миллиард теңгелік субсидия дауы оң шешімін тапты

Алматы облысында шаруа қожалығының бір жарым жыл бойы ала алмай келген мемлекеттік субсидиясы төленді. Мемлекеттен тиесілі қаржыны ұзақ уақыт ала алмай жүрген кәсіпкердің мәселесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін оң шешімін тапты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, шаруа қожалығы мемлекеттен алуға тиіс субсидияның ұзақ уақыт бойы төленбеуіне байланысты заңды құқықтарының бұзылғанын айтып, департаментке шағымданған.

Өтініш негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сақталмағаны белгілі болды.

Атап айтқанда, өтініш берушіге субсидияның тек бір бөлігі ғана төленіп, қалған қаражат ұзақ уақыт бойы аударылмаған. Сонымен қатар төлемдердің заңда белгіленген кезектілігі сақталмай, кейін өтініш берген өзге шаруашылықтарға қаражат кезектен тыс берілгені анықталған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік субсидиялар белгіленген кезек тәртібімен төленуі тиіс. Алайда Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бұл талаптарды сақтамаған.

Белгілі болғандай, кәсіпкер субсидия алу үшін 2024 жылдың қазан айында өтініш берген.

Ал субсидия төлеуге қажетті қаржы 2025 жылдың ақпан айында бөлінгеніне қарамастан, жауапты орган тиісті төлемді жүргізбеген.

Соның салдарынан шаруа қожалығы бір жарым жыл бойы өзіне тиесілі мемлекеттік қолдаудан қағылып келген.

Тек уәкілетті органның араласуынан кейін ғана, 2026 жылдың ақпан айында шаруашылыққа 1 миллиард теңге көлеміндегі субсидия аударылып, кәсіпкердің құқығы ішінара қалпына келтірілді.

«Кәсіпкерлердің құқықтарын толық қалпына келтіру – басты міндет»

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Сержан Атайбековтің айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң талаптарының қатаң сақталуы – азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың басты кепілі.

«Мемлекеттік субсидияларды төлеу кезінде заңда белгіленген кезектілік пен рәсімдердің сақталуы міндетті. Жүргізілген тексеру нәтижесінде кәсіпкердің құқықтарының бұзылғаны анықталды. Уәкілетті органның араласуынан кейін шаруашылыққа 1 миллиард теңге көлеміндегі қаражат аударылды. Дегенмен департамент кәсіпкердің құқықтары толық қалпына келгенге дейін бұл мәселені бақылауда ұстайды», – деді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Сержан Ерғалиұлы Атайбеков.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау шараларын уақытылы әрі заң талаптарына сәйкес алуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жүгері жинау науқаны қызу жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Қонаевта шетелдік университеттердің білім көрмесі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

«Таза Қазақстан»: жыл басынан бері абаттандыру ережесін бұзудың 2740 дерегі анықталды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы мен облысты байланыстыратын жолдар кеңейтіледі: Үкімет ірі жобаларды тексерді

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тәсілі қолға алынды

Қорлан Нұрланқызы
09.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz