Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Алматы облысының шаруалары Астанада өтіп жатқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 180 тоннаға жуық өнім жеткізді. Елорда тұрғындарына 52 түрлі тауар нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзан ұсынылып отыр, деп хабарлайды Alataunews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026
Жаңалықтар

Жәрмеңкеге өңірдің егіс алқаптары мен бау-бақшаларынан жиналған жеміс-жидек пен көкөніс, сондай-ақ ет, сүт, балық, бал және басқа да табиғи өнімдер жеткізілген.

Шараның басты ерекшелігі – шаруалар өз өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыға сата алады. Бұл кәсіпкерлерге тауарын кеңінен таныстыруға мүмкіндік берсе, елорда тұрғындары үшін сапалы өнімді тиімді бағамен сатып алуға жағдай жасап отыр.

Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Сыдықовтың айтуынша, жәрмеңкеге өңірден 30 тонна ет пен 90 тонна жеміс-жидек жеткізілген.

«Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрі өндіріледі. Жәрмеңкеде соның бәрін қамтып, 180 тонна тауар алып келдік. Атап айтқанда, 30 тонна ет, 90 тонна жеміс-жидек, одан бөлек көкөніс, бал және балық өнімдері бар. Өңір кәсіпкерлеріне 70-ке жуық сауда орны берілді. Жылдағы дәстүр бойынша шараны Алматы, Абай және Маңғыстау облыстары бірігіп өткізіп жатырмыз. Өнімнің сапасы мен бағасы тұрақты бақылауда», – деді Димаш Сыдықов.

Облыс әкімдігі кәсіпкерлердің өнімдерін Астанаға жеткізуге және сауда орындарына орналастыруға қолдау көрсеткен.

Жәрмеңкеге Есік қаласынан келген балық шаруашылығы да өз өнімдерін ұсынды. Компания басшысы Артур Вольхин елордаға 200 келіге жуық сазан, ханбалық, бекіре және басқа да балық түрлерін жеткізген.

«Жәрмеңке бізге халықпен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мұнда тұтынушы тауарды көріп, дәмін татып, өзіне ұнағанын таңдай алады. Сонымен қатар Алматы облысының балық өсірудегі тәжірибесін елорда халқына көрсеткіміз келді», – деді кәсіпкер.

Жәрмеңкенің алғашқы күнінен-ақ келушілер қатары қалың болды. Әсіресе Алматы облысынан жеткізілген ет өнімдері мен әйгілі апорт алмасына сұраныс жоғары.

Елорда тұрғыны, зейнеткер Тұрсын Чункаева жәрмеңкеге отбасымен бірге келген. Ол өнімдердің бағасы мен сапасына көңілі толғанын айтып, мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылғанын қалайтынын жеткізді.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Астанадағы Қарқаралы тасжолының бойында орналасқан «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр. Шара екі күнге жалғасады.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz