Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алатауда жолаушыларға арналған аэротакси сынақтан өтеді

Алатау қаласында 19 мамыр күні Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы жолаушылар аэротаксиінің демонстрациялық ұшуы өтеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Сынақ аясында Auto Flight компаниясының жолаушылар тасымалына арналған eVTOL тік ұшып-қонатын электр аппараты таныстырылады. Қазіргі уақытта қала аумағында жаңа буындағы әуе көліктерінің тестілік ұшулары басталып кеткен.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, мамандар пилоттық кезеңде жолаушылар әуе аппараттарының мүмкіндіктерін, жүктерді дрон арқылы жеткізу жүйесін және қала ішіндегі әуе қозғалысын цифрлық басқару технологияларын (UATM) тексеріп жатыр.

Жобаға Оңтүстік Корея, Италия және Қытай елдерінің халықаралық серіктестері қатысуда. Демонстрациялық ұшулар мен сынақтарды қазақстандық Alatau Advance Air Group компаниясы мемлекеттік органдармен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Әкімдік өкілдері барлық ұшулар уәкілетті органдармен келісілгенін және қауіпсіздік талаптары толық сақталатынын атап өтті.

Сынақтар қалалық әуе мобильдігін дамыту тұжырымдамасы (Urban Air Mobility) аясында жүзеге асырылуда. Бастама Алатау қаласын жоғары технологиялық, экологиялық таза және инновациялық мегаполис ретінде дамыту стратегиясының бір бөлігі саналады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz