Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алатау қаласында Yandex технологиялары мен жасанды интеллект енгізілмек

Алатау қаласын дамытуға жауапты Alatau City Authority мен Yandex Qazaqstan компаниясы цифрлық технологиялар және жасанды интеллект саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026
Жаңалықтар

Тараптар жұмыс кездесуі барысында қалалық инфрақұрылымды цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу және интеллектуалды қалалық қызметтерді дамыту перспективаларын талқылады.

Alatau City Authority компаниясының цифрлық технологиялар және жасанды интеллект жөніндегі бас директоры Баян Қоңырбаев Алатау қаласын AI-Native City тұжырымдамасы негізінде дамыту жоспарын таныстырды.

Аталған тұжырымдама жасанды интеллект технологияларын қала құрылысының бастапқы кезеңінен-ақ цифрлық инфрақұрылымға, қалалық қызметтер мен басқару жүйесіне енгізуді көздейді.

Жобаның негізгі мақсаты – заманауи цифрлық инфрақұрылым құру, интеллектуалды қызметтерді дамыту, цифрлық экономиканы қалыптастыру және қаланы басқару тиімділігін арттыру.

Өз кезегінде Yandex Qazaqstan өкілдері цифрлық картография, геоаналитика, қалалық инфрақұрылымды бақылау, автономды көлік және цифрлық қызметтер саласындағы технологиялық шешімдерін таныстырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлесіп дамытуға болатын тоғыз перспективалы бағытты айқындады. Қол қойылған меморандум техникалық ақпарат алмасуға, заманауи технологиялық шешімдерді зерделеуге және ықтимал пилоттық жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

Yandex Qazaqstan компаниясымен ынтымақтастық Алатау қаласының цифрлық экожүйесін қалыптастыруға және озық технологияларды қалалық инфрақұрылым мен басқару жүйесіне енгізу мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

АҚШ инвесторлары Алматы облысындағы ірі жобаларға қызығушылық танытты

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында кезекші ХҚКО мекенжайлары өзгерді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында 12 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Көлсайда 6,3 шақырымдық аспалы жол салынады

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топ ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
18.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz