Кездесу барысында Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан Alatau City жобасына UBTECH компаниясының заманауи технологияларын енгізу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар тараптар тау-кен және мұнай-газ салаларында, ірі логистикалық нысандарда роботты техникаларды пайдалану перспективаларын талқылады.
Чжун Юн Қазақстанның цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, елімізде жаңа технологияларды дамытуға қолайлы, ашық әрі инклюзивті орта қалыптасқан.
Компания өкілі Қазақстанмен бірлескен жобаларды жүзеге асыру цифрлық технологияларды енгізуге жаңа серпін беретінін жеткізді.
Alatau City-ге заманауи роботты технологияларды енгізу мәселесінің жоғары деңгейде талқылануы Алматы облысында салынып жатқан жаңа қаланың инновациялық және технологиялық бағытта дамуына басымдық беріліп отырғанын көрсетеді.




