Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында тапанша мен оқ өтпейтін арнайы қорғаныс құралдары табылды

Текелі қаласында Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп «Макаров» жауынгерлік тапаншасын, оқ өтпейтін жилет және арнайы қорғаныс құралдарын тапты.

11.11.2022
Аймақ

«Қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар кейбір адамдар жауапкершіліктен құтылуға тырысып, оларға заңсыз түскен қару-жарақ пен оқ-дәрілерді лақтырып тастайтынын атап өткіміз келеді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары заңсыз сақтауда жатқан қару-жарақ пен оқ-дәрілері бар барлық азаматтардан оларды жергілікті құқық қорғау органдарына тапсыруды сұрайды. Сонымен қатар, барлық азаматтарға ҚР ҚК 287-бабына сәйкес атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске саламыз. Бұл ретте адамды ұстау кезінде, сондай-ақ оларды іздеу және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қару табылған жағдайда, бұл әрекет қаруды ерікті түрде тапсыру деп танылмайтынын ескертеміз», — делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тәркіленген қару баллистикалық-сот сараптамасына жіберілді. Дерек бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлімінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 228 атыс қаруы, оның ішінде 157 тапанша тәркіленді.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz