Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жетісу облысында тағы бір блок-модульді медпункт іске қосылды

Жетісу облысында тағы бір блок-модульді медпункт іске қосылды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

15.11.2022
Аймақ

«Ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында қолға алынған құрылыс нысаны Алакөл ауданының Көкжар ауылында тұрғызылды. Бұл — облыста биылға жоспарланған он екі мекеменің жетіншісі», — деп мәлімдеді Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл медициналық пункт Көкжар ауылының 160 тұрғынына қызмет көрсетеді.

Жобаның жалпы құны – 39 млн. теңге. Ғимараттың аумағы – 108 шаршы метр. 12 тұрғынжайы бар, атап айтқанда вестибюль, дәліз, дәріханасы бар тіркеу орны, акушерлік қабылдау бөлмесі, егу бөлмесі, процедуралық кабинет, материалдар алу мен зерттеу бөлмесі, орта медициналық қызметкерлер бөлмесі, 2 дәретхана, сол сияқты басқа да тұрмыстық-шаруашылық қажеттіліктегі тұрғынжайлары бар. Ыстық су, жылу жүйесі жүргізілген, желдеткіш орнатылған.

Жалпы жыл соңына дейін өңірде тағы 5 блок-модульді кешенді іске қосу жоспарланған. Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Қаратал және Кербұлақ аудандарында жалпы құны 900 млн теңге болатын барлығы 12 нысан жоспарланған.

Мамандардың айтуынша, блок-модульді кешендер берік, қарапайым орнатылатын, ұзақ қызмет ететін құрылыс түрі. Сонымен бірге қолайсыз ауа райына төтеп бере алады, олардың қызмет ету мерзімі 30 жыл деп межеленеді.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында 98 мыңнан астам ағаш отырғызылды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Талғар ауданында кісі өлтіру фактісі бойынша үш адам ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

«Мойнақ» ГЭС-інің құрылысына үлес қосқан инженер «Барыс» орденімен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Қазақстанда пойыздар мен тасжолдарда спутниктік интернет пайда болады

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

Алматы облысының делегациясы Гонконгтегі халықаралық медицина көрмесіне қатысуда

Қорлан Нұрланқызы
13.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz