Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Жанкүйерлер Алматы әуежайында Алматы облысынан қатысқан Азияда чемпиондарын қарсы алды

Спортсүйер қауым еліміздің намысын қорғаған спортшылар Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко және Аян Тұрсынды әуежайдан үлкен қошеметпен күтіп алды.

02.10.2023
Аймақ

Қытайдың Ханчжоу қаласында 2023 жылдың 23 қыркүйегінде басталған Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.

Әлем кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы, әлем чемпионатының жеңімпазы Әсем Орынбай мен әлем кубогы мен чемпионатының жеңімпазы Эдуард Ещенко стенд атудан аралас жұптық сайыста алтын алды. Скит жаттығуларының финалында қазақстандықтар Кувейттен келген қарсыластарынан мықты болды. Қазақстан әйелдер құрамасы сапында да Әсем Орынбай жерлестері Ольга Панарина мен Зоя Кравченкомен бірге скит жаттығуларында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарында рекорд орнатты. Әсем Орынбай сондай-ақ жекелей сынның финалда да қола жүлдегер атанды. Қазіргі таңда Әсем Орынбай құрлықтық додалардағы ең атақты қазақстандық спортшы.

Алматы облысының тағы бір спортшысы Аян Тұрсын ушу-санда жарысында қола жүлдені жеңіп алды. Тұрсын ММА (IMMAF), панкратион және қоян-қолтық ұрыс бойынша вице-чемпион. Азия ойындарында 52 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға дейін жетіп, қытайлық Юэйяо Лиге есе жіберіп, қола жүлдені жеңіп алды.

Азия ойындарында Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында Алматы облысынан барлығы 10 спортшы қатысуда.

Алда әлі Алматы облысының спортшылары Марина Седнева әйелдер күресінен өнер көрсетсе Мариан Ордабаева джиу-джитсудан бақ сынасады.

Әйелдер күресі мен джиу-джитсудан турнирлер 5 және 7 қазанда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындары – Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) басшылығымен төрт жылда бір рет өтетін Азия құрлығының спортшылары арасындағы кешенді спорттық жарыс. Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысып отыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz