Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Тоқаев: Жетісу өңіріндегі республикалық маңызы бар жолдарда 9 айда 61 адам қайтыс болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына жұмыс сапары аясында өңірдегі жол мәселесін қозғап өтті.

20.10.2022
Аймақ

«Кербұлақ және Панфилов аудандары арқылы өтетін республикалық күре жолды жөндеу мәселесі өзекті болып тұр. Бұл – өте маңызды жол. Сондықтан, Үкімет пен әкімдікке ондағы күрделі жөндеу жұмысын алдағы 2 жылдың ішінде аяқтауды тапсырамын. Қажетті қаражатты шұғыл қарастыру керек. Ең алдымен, жолдың сапасы жақсы болуы керек. Алайда, құрылыс та созылып кетпеуге тиіс. Бұл жергілікті жұрттың тұрмысына және көлік қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Облыстағы республикалық маңызы бар күре жолдарда болған жол апаттарынан 9 айда 61 адам қайтыс болды. Бұл – жан түршігерлік көрсеткіш», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ адам өліміне соқтыратын жол апаттары жиілеп бара жатқанын айтты.

«Елімізде жол апаттары, оның ішінде адам өліміне әкеп соқтырған оқиғалар көбейіп барады. Бұған еш жол беруге болмайды. Адам өліміне әкеп соқтырған әрбір жол апатын төтенше жағдай ретінде қарастыру қажет. Адам өмірі – біздің басты байлығымыз. Сондықтан, азаматтардың амандығы және қауіпсіздігі бірінші орында тұруға тиіс. Жол құрылысы кезіндегі жемқорлық пен селқостықты түбірімен жою үшін жүйелі шаралар қабылдау керек», – деді Тоқаев.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі қандай орган болады? Министр түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

15 мамырда Алматы облысында қатты жел соғады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Шамалған ауылында жеке үйдің ауласынан жылан табылды

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында жасөспірім жүргізуші 12 жастағы баланы қағып кетті

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

Алматы облысында қоқысты қайта өңдеу саласына 148 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

Қорлан Нұрланқызы
15.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz