Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта отбасылық фестиваль өтті

Қонаев қаласында «Отбасы банк» пен «KazSMU» құрылыс компаниясының ұйымдастыруымен отбасылық фестиваль өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

07.11.2023
Аймақ

«Qonaev otbasy fest» шаттық пен қуанышқа, жақсы эмоцияларға толы нағыз мерекелік фестиваль. Басты ұйымдастырушы – «Отбасы банктің» Алматы облысындағы филиалы. Шара барысында облыс әкімдігі мен банк өкілдері «Алатау жастары» бағдарламасына құжат тапсырып, үйлі болған жастарға құтты болсын айтты. Түрлі салада еңбек ететін жас отбасыларға пәтер кілттері табысталды.

«Мен «Алатау жастары» бағдарламасы бойынша «Отбасы банктен» үй алған болатынмын. Үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бұл бағдарлама жастар үшін өте тиімді. Себебі жеңілдіктер өте көп. Қазіргі жастарға да кеңес беретін едім «Отбасы банктен» шот ашып, сол шотқа ақша жинап үйренуді», — дейді жас маман Мақпал Дүйсебаева.

Жалпы жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 400-ден астам өтініш түскен. Баспаналы болуға мүмкіндік беретін бағдарлама келер жылы да жалғасады.

«Алматы облысы бойынша 50-ге жуық жас маман 35 жасқа дейін маман үйлі болды. Бұл бағдарлама әлі де жалғасады. Бастапқы жарнасы 10% және несие пайызы бес пайызды құрайды. Ал жас мамандарға льготтық бағдарламамен осы «Алатау жастарымен» ала алады», — дейді «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Альфия Хасанова.

Қаланың орталық алаңында өткен концертке адам көп жиналды. Тұрғындар түрлі байқауларға қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алды. Ал жастар арасында танымал әншілер Райым мен Қанай хитке айналған әндерімен мереке көркін қыздырды.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz