Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасы өз мәресіне жетті

2023 жылғы 13 шілдеде Алматы облысындағы Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасының салтанатты жабылу шарасы өтті.

14.07.2023
Аймақ

Шараның ұйымдастырушылары «Kazakhmys Barlau» ЖШС және «Жас геолог» Корпоративтік қоры. Сондай-ақ жобаға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің геология комитеті, Алматы облысының әкімдігі, Kazakhmys Корпорациясы, «ERG» ЖШС және «Kazzinc» ЖШС қолдау көрсетті.

Олимпиадаға Қазақстанның барлық түкпірінендегі 9-11 сынып оқушыларынан құралған 200-дей бала қатысты. Олар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, геологиялық бағыт, шлих сынамасы, қауіпсіздік техникалары және дала аялдамасын ұйымдастыру сынды геологияның түрлі дисциплинасы бойынша білімдерін сынады. Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Шахтинск, Қостанай, Көкшетау, Ақтау, Орал, Шымкент, Қызылорда, Рудный, Сәтпаев, Талдықорған, Өскемен және Индер аударынан (Атырау облысы) 16 команда қатысты.

I Республикалық дала олимпиадасының нәтижесі:

  • 1-орын – «Сармат» командасы, Орал қаласы,
  • 2-орын – «Геобайт» командасы, Қостанай қаласы,
  • 3-орын – «Сарыарқа» командасы, Қарағанды қаласы.

 

1 of 4
- +

Білім сайысының салтанатты жабылу салтанатына «Жас геолог» Корпоративтік қорының Төрағасы Ғалым Нұржанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі геология комитетінің Төрағасы Ерлан Ақбаров, геология-минералогия ғылымдарының докторы Балтабек Қуандыков, «ERG Exploration» ЖШС Бас директоры Азамат Шалабаев және «Жас геолог» корпоративті қорының директоры Жанат Исмаилова қатысып, оқушылар мен шараға ат слысқан барлық мамандарды құтттықтап, алғыстарын білдірді.

Ал жарыстың судьялары ретінде Satbayev University жетекші профессорлық-оқытушылық құрамы, Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылары және «Qazaq Geophysics» пен ERG корпорацияларының тәжірибелі қызметкерлері төрешілік етті.

Тегтер: Алматы облысыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz