Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласында көшеге қоғам қайраткері, генерал Әбдіқадір Нұрмағанбетовтың есімі берілді

Көше атауы Республикалық ономастикалық комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес, бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы және Алматы облысы мәслихатының шешімімен берілді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
14.11.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Іс-шара Рауан шағын ауданы тұрғындарының, Әбдіқадыр Нұрамағанбетовтың туысқандарының, ізбасарларының қатысуымен өтті. Шара барысында генералдың ел тарихындағы рөлі мен еңбегі кеңінен айтылды.

ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті президенті, профессор Мұрат Жұрынов генералдың тұлғалық және кәсіби келбетін ерекше атап өтті:

«Генерал Әбдіқадір Нұрмағамбетов – Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Ол еліміздің үш бірдей өңірінде басшылық қызмет атқарған. Сондықтан бұл шараны өте лайықты деп есептеймін. Ә.Нұрмағамбетов – кеңестік дәуірдің генералы, оның өмір жолына, тарихы мен қызметіне қатысты айтылған дүниелердің барлығы орынды әрі ол мұның бәріне толық лайық. Ол өте қарапайым, мейірімді жан болатын. Қарапайым халыққа әрдайым қолдау көрсетіп жүрді. Оның зор беделі – үлкен адами қасиеттерінің жемісі», – деді ол.

Айта кетейік, одан бөлек атауы жоқ тағы 5 көшеге қоғам қайраткерлерінің есімі берілді. Олар:

— Атауы жоқ көше (1-ші линия) — Әбдіқадыр Нұрмағамбетов көшесі;

— Атауы жоқ көше (2-ші линия) — Ақбай Әлібаев көшесі;

— Атауы жоқ көше (3-ші линия) — Жақыпжан Шарипов көшесі;

— Атауы жоқ көше (4-ші линия) — Сүндетбай Балхашев көшесі;

— Атауы жоқ көше (6-шы линия) — Жұмабек Жақыпов көшесі;

— Атауы жоқ көше (8-ші линия) — Әукен Жылқыбаев көшесі.

Тегтер: Әбдіқадір Нұрмағанбетовкөше атауыҚонаев қаласы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өртенген кәуапханадан 5 газ баллоны шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz