Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласын дамытуға республика бюджетінен 1,4 трлн теңге бөлінеді

Қонаев қаласын дамыту үшін 5 жылда 4 трлн теңгеден астам қаражат тарту көзделіп отыр. Оның 1,4 триллионы республикалық бюджеттен бөлінеді.

15.09.2023
Аймақ

Бұл жайында Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарында айтылған.

Жобадағы 4 трлн 64 млрд 631 млн теңгенің 1 трлн 401 млрд 228 млн теңгесін республикалық бюджеттен, 305 млрд 259 млн теңгесін қарызға, 213 млрд 338 млн теңгесін мемлекетік бюджеттен, 62 млрд 440 млн теңгесін ішкі қарыздан, 2 трлн 82 млрд 366 млн теңгесін басқа көздерден тарту жсопарланған.

Бұл қаражатқа мына мәселелерді шешу жоспарланған:

— ірі сауда орталықтары мен тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін ашу;

— оқушылар орындарының тапшылығы;

— заманауи медициналық мекемелердің болмауы, дәрігер тапшылығы, медициналық ұйымдардың жарақтандыру;

— мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, мәдени-демалыс ұйымдары мен спорт ғимараттарын салу;

— көшелерге күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізу;

— инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңа тұрғын алаптары мен шағын аудандарына, Шеңгелді және Арна ауылдарындағы жаңа алаңдарға жеткізу;

— үйлердің, ғимараттардың қасбеттерін ағымдық жөндеу, көшелерді, аулаларды, скверлерді, жағажайды күтіп ұстау және абаттандыру;

— ойын-сауық және демалыс саябақтарын/скверлерді, бульварларды және т.б. салу, жөндеу жүргізу;

— газбен жылытуға көшу үшін қазандықты кеңейту (халықтың 75,2%-ы жылуға зәру);

— Заречный, Арна, Шеңгелді, Қосқұдық және Ақөзек ауылдарында электр желілерін жөндеу және жаңалау;

— су құбырларының тозуы – 80%, кәріз желілерінің тозуы – 100%, жылу желілерінің тозуы – 40%, газ құбырларының тозуы – 55%;

— жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 25,5 шақырымы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы дәстүрлі бокс турнирі жас чемпиондардың жаңа буынын анықтады

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында сегіз пәтерлі тұрғын үй өртеніп кетті

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Ауылдан әлемдік аренаға: AUYL SPORT спортшылары халықаралық турнирлерде топ жарды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында тағы бір республикалық жол ақылы жүйеге көшеді

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

Алматы облысында қарақұйрық атқан браконьерлер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
30.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz