Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарғалы ауылында қыз баланы жәбірлеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы облысының полиция департаментіндегілер Қарғалы ауылында әйелдің кішкентай қыздың қолын байлап, аузын тұмшалаған видеосы туралы мәлімет берді.

21.07.2023
Аймақ

Тексеру кезінде видеодағы әйел 1999 жылғы Т. есімді әйел екені белгілі болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, келіншек қаршадай қызға оның ата-анасымен арадағы кикілжіңге байланысты зәбір көрсеткен.

«Бұл факт Жамбыл ауданы полиция бөліміндегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесіне Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша тіркелді. Іс бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Сонымен бірге, тиісті сараптама тексерулері тағайындалды», — дейді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Еске салайық, бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде қыз баланы жәбірлеуші адамның көрші әйел екенін, қазір ауылдан бой жасырып үлгергенін жазған болатын.

«Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологі жұмыс істейтін болады», — деді Динара Зәкиева.

Алматы облысында көрші әйел қыздың қол-аяғын байлап, ұрған

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz