Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында әйелдерге қатысты 1785 қылмыс жасалған

Бүгінгі ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жою тақырыбына арналды.

07.06.2023
Аймақ

Алматы облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығының орынбасары Серік Сәрсеновтің айтуынша, жыл басынан бері әйелдерге қатысты 1785 қылмыс жасалған. Оның ішінде:

  • адам өлтірудің – 10;
  • адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің – 3;
  • адам денсаулығына орташа зиян келтірудің – 32;
  • зорлаудың – 22;
  • жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетудің – 15;
  • 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаудың – 12;
  • балаларды азғындық жолға түсірудің (развращение малолетних) – 5 дерегі тіркелген.

Бұдан бөлек, облыста тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты 38 оқиға орын алған. Спикердің сөзіне сүйенсек, өңірде зорлық-зомбылыққа тап болған, өмірлік қиын жағдайларға түскен әйелдерге қолдау көрсету мақсатында 4 орталық қызмет етеді. Оның 1-і 35 орынға арналған. Жыл басынан бері Қонаевтағы орталық көмегіне 45 адам жүгінген, оның ішінде 30 бала бар.

Сонымен қатар брифингке қатысқан облыстық ПД-нің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы Динара Аятбекова елімізде қылмыскерлерге неліктен физикалық, химиялық кастрация қолданылмайтынын түсіндірді.

«Бір адам бір қылмыс түрін бірнеше рет жасайтын деректер кездеседі. Дегенмен, Қазақстан Ата заңға сәйкес, зайырлы әрі демократиялық мемлекет. Сондықтан кастрация жайлы заң шығару бізге тиімсіз», – деді аға инспектор.

Динара Аятбекова биыл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Заңға енгізілген өзгерістер жайлы да айтты.

«Өзгерістерге сәйкес, 1 шілдеден бастап жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік аламыз. Яғни, бұған дейін әйелдер күйеуінің ұрып-соққанына, қоқан-лоққысына шыдап, арыз жазбаса, іс қозғалмайтын. Енді хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен DVR жазбалары жеткілікті болады. Бұл да тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою үшін жасалып жатқан әрекет. Енді жәбірленуші мен агрессорға қайта татуласу мүмкіндігі 1 реттен артық берілмейді», – деді Динара Аятбекова.

Аталғандардан басқа, мектептерде құқық бұзушылық деректерінің көп болуына байланысты Алматы облысында әр мектепке ювеналды инспектордан бөлек, учаскелік полицей мен арнайы жедел әрекет ету жасағының мамандарын бекіту жоспарланып отыр. Бір жағынан, өңірде 1 инспектор бірнеше елдімекендегі мектептерді бірдей қамтуға шамасы келмей отыр, мамандар тапшылығы бар.

Жалпы Алматы облысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инстаграм парақшасы жұмыс істейді. Онда инспекторлардың телефон нөмірлері көрсетілген. Зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында үнемі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz