Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Биыл Алматы облысында 1 тоннадан астам есірткі тәркіленді

Бұл туралы мәслихаттың кезекті сессиясында облыстық ПД бастығының орынбасары Серік Шалхаров айтты.

18.07.2023
Аймақ

Ресми мәліметке сүйенсек, биыл 56 есірткі қылмысының жолы кесілді. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 33% (2022 ж. 42) көп. Оның ішінде есірткі сату, оны аса ірі көлемде сақтау, интернеттегі сауда, жарнамалап, насихат жасау секілді заңбұзушылықтар бар.

Тәркіленген есірткі заттарының көлемі – 1 тонна 1 келі 50 грамм:

  • марихуана — 137 кг 302 гр;
  • гашиш — 42 кг 837 гр;
  • героин — 418 гр;
  • синтетикалық есірткі — 98 кг 504 грамм;
  • қарасора тұқымдасының өсімдіктері — 721 кг 977 гр.

Өткен жылғы көрсеткіш – 130 келі 407 грамм болатын.

Департамент өкілі биыл осы бағытта қылмыс жасаған 17 адам ұсталғанын айтты. Бұдан басқа, 6 жасырын есірткі лабораториясы анықталған.

«11 наурыз күні психотроптық заттарды дайындап, кейіннен оларды сату үшін прекурсорлар мен зертханалық жабдықтарды сақтау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысындағы гараждарды, қоймаларды жалға алған Украинаның азаматы ұсталды. Одан 14 тонна прекурсорлар, әр түрлі зертханалық жабдықтар, респираторлар, қорғаныс маскалары тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 262-бабына сәйкес іс қозғалды», – деді Серік Шалхаров.

Сонымен қатар ол Алматы облысында нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстардың тиімділігі төмен екенін атап өтті.

«Биыл мүдделі органдармен бірлесіп 80 іс-шара өткізілді. Алайда, әлі күнге дейін олардың тарапынан ешқандай бастама жоқ. Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы болса, 16 шара ұйымдастырды (акциялар, дөңгелек үстелдер, спорттық додалар, флешмоб). Дегенмен, бүгінде қылмыстың алдын алу үшін қаржы бөлу, есірткіге қарсы жарнама дайындау мәселелері шешілмеген күйінде қалып отыр. Бұл жұмыс сапасы мен тиімділігіне кері әсер етеді», — деді маман.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

Акция «Таза Қазақстан» объединяет жителей Алматинской области

Николай Иващенко
18.04.2026

Новоселье в Талгаре: 25 семей получили ключи от новых квартир

Николай Иващенко
18.04.2026

Марат Султангазиев провел обряд разрезания пут у малышей

Николай Иващенко
18.04.2026

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz