Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Балқаш ауданында суармалы су мәселесін шешу үшін 2 шлюз салынады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданына сапары барысында ирригациялық және газ тасымалдаушы нысандардың жұмысымен танысты.

10.07.2023
Аймақ
Фото: Сұлтан Жұмағұл

Фото: Сұлтан Жұмағұл

Бұл ауданда 28 мың гектардан астам суармалы жер бар. Су ол жаққа Іле өзенінен екі канал арқылы беріледі. Оның бірі – 15 мың гектар аумақты алып жатқан Тасмұрын магистралды желісі. Соңғы жылдары су көлемінің азаюына байланысты су қабылдағыш қондырғыға қосымша екі шлюз салу үшін жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Бұдан бөлек, мамандардың айтуынша, барлық суармалы жерді сумен қамту үшін суасты плотина салу қажет. Нәтижесінде судың көлемі 3,5 метрге көтеріледі. Өз кезегінде өңір басшысы жобаның қымбаттылығына қарамастан, бұл жоба аумақ үшін өте қажет екенін айтты.

Ауданға жұмыс сапары аясында Алматы облысының әкімі газ тарату станциясына да барды. Мамандардың айтуынша, жылыту маусымы басталғанға дейін өңірдің жиырма сегіз ауылының 10-н көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр. Қалғандарына келетін болсақ, бұл елдімекендер екі жыл бойы кезең-кезеңімен газбен қамтамасыз етілетін болады.

Марат Сұлтанғазиев ауданы төрт мың шаршы метрді құрайтын оңалту орталығына да барды, онда он төрт адам жұмыс істейді. Кездесуде осы мекемені тиімді пайдалану жолдары талқыланды. Бүгінде мұнда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Болашақта қажетті мамандарды тарта отырып, орталықтың жұмысын күшейту, сондай-ақ төсек-орын санын жүз елуге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ облыс әкімі аудан орталығында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің қызметімен танысты. Қазір онда бес жүзден астам балалар мен ересектер спортпен шұғылданады. Мұнда толыққанды спортпен шұғылдану үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Сонымен қатар Марат Сұлтанғазиев отыз жалдамалы үй салынып жатқан құрылыс алаңында болды. Бұл жобаны іске асыру өткен жылдың қыркүйегінде басталды, оны биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Айта кету керек, үйлердің құрылысы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүріп жатыр, сомасы 759 миллион теңгені құрайды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарМарат Сұлтанғазиев

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz