Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

БАКАД жолы биыл қолданысқа беріледі

Бүгін Алматы облысына іс-сапармен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов келді. Ол Үлкен Алматы айналма автожолының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

27.10.2022
Аймақ

Жалпы құны 150 млрд. теңге болатын Орталық Азиядағы ең ірі инфрақұрылымдық жол биыл қолданысқа беріледі. Мұны автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков айтты.

«Қазіргі уақытта автомобиль жолының бүкіл ұзындығы бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл жобаны іске асыру көліктік қызмет көрсету сапасын арттырады, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, автомобильдердің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтады, Алматы қаласын айналып өтуге мүмкіндік береді», — деді Амангелді Беков.

Оның айтуынша, БАКАД пайдалануға берілсе, Алматы қаласында көлік ағыны тәулігіне 40 мың автомобильге азаяды. Сәйкесінше, Қытай мен Еуропа арасында жүк тасымалы көлемі өседі.

Ал мердігер компания өкілдерінің ақпаратына қарағанда, БАКАД жобасы белгілі бір мәселелерге байланысты бірнеше рет өзгеріске түскен. Мысалы, үлкен айналма жол кей елдімекендердің арасын бөліп, жолаушылардың ары-бері қатынауын қиындатқан. Аталған мәселеге сәйкес үш жаяу жүргіншілер жолы, 1 жер асты өткелі салынған. Яғни, құрылыс кезінде халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлінді.

БАКАД жобасының негізгі кредиторлары — Еуропа қайта құру және даму банкі, Еуропа даму банкі және Ислам даму банкі.

Кездесу соңында Саян Ахметжанов алдағы уақытта да мониторинг жүргізілетіні жайлы айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылғы тамыздағы әлемдік қаржы дағдарысына байланысты жол құрылысы тоқтатылған болатын. 2018 жылы құрылыс қайта басталды.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz