Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалағандар ұсталды

Алматыда кәсіпкерден 2 млн теңге бопсалаған "қылмыстық төрттік" ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz сайты.

09.06.2023
Аймақ
polisia.kz

polisia.kz

Арнайы іс-шара барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын қарақшылық шабуыл, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша істі болғандығы белгілі болды.

«Күдіктілер физикалық күш қолданамын деп қорқытып, кәсіпкер 21 жастағы К. есімді азаматтан 2 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдіктілер сұраған соманың бірінші бөлігін бірден алған, қалғанын табу үшін 20 күн уақыт берген. Бопсалау дерегі ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілді. «Қылмыстық төрттіктің» қылмыстық әрекеттері құжатталды. Олар қылмыс үстінде ұсталды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдіктілер УҰИ-ға қамалды. Атыс қаруын заңсыз сақтау дерегі анықталды. Сараптамалар тағайындалды», — деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

Тегтер: алматықылмыстық топ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысындағы түзеу мекемесінде қылмыстық топ құрған 10 адамға үкім шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда білім гранттарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Заң мен тәртіп: жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары күшейтіл

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Заң мен тәртіп: Жамбыл ауданында нашақорлыққа қарсы айлық ұйымдастырылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

Алматы облысында жол апатынан кейін көлікте қысылып қалған жүргізуші құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
17.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz