Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматыда бірқатар көше уақытша жабылады

Алматыда Алматы жартылай марафоны өтеді.

21.04.2023
Аймақ

23 сәуірде Алматыда Алматы жартылай марафонв Тұңғыш Президент саябағында таңғы 07:30-да басталып, мәре Орталық стадионда сағат 12:00-де өтеді. Сайыс 10 км қашықтық және скандинавиялық жүрумен басталады. Сағат 08:10-да 21 км қашықтықта жүгіру болады. Биыл жартылай марафон алтыншы рет өткелі тұр, жарысқа 7660 спортшы мен жүгіруді сүйетіндер қатысады. Орталық стадионда черлидерлер командасы мен музыкалық топтардың қатысуымен үлкен ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған.

Іс-шараның өткізілуіне байланысты 23 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін қашықтықтан өту орындарындағы жолда қозғалыс ішінара жабылатын болады.

Жолдардың жабылу жоспары

Жартылай марафон сөресі таңғы сағ. 07:30-да Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 23 сәуір күнгі сағ. 00:00-ден 12:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 07:00-ден 08:10-ға дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 07:15-тен 09:40-қа дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сейфуллин даңғылында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 07:40-тан 09:00-ге дейін толық жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:40-тан 11:10-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Сейфуллин көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 07:50-ден 09:30-ға дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 08:30-дан 10:10-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1) Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

2) Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

3) Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

4) Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

5) Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

6) Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

Тегтер: алматыжүгірумарафон

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz