Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының жастары ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады

Алматы облысының жастар ресурстық орталығының өкілдері Қонаевтағы көпсалалы колледж ұстаздарын төл мерекесімен құттықтады. Оларға жылы лебізін білдіріп, алғыс хат табыстады.

06.10.2023
Аймақ

«Мұғалім деген — қасиетті мамандық. Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Өйткені, әрбір адамның тұлға болып қалыптасуында олардың еңбегі орасан. «Алты алаштың басы қосылса төр – ұстаздыкі» деген. Сондықтан киелі мамандық иесі мұғалімдер қауымына алғыс білдіру мақсатында Қонаев қаласындағы облыстық үздіксіз білім беру колледжінде салтанатты шара өткіздік. Ұстаздар дән риза», — деді Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының маманы Айша Қалиақпар.

Мерейге бөленген ұстаздар қауымы ризашылықтарын жеткізіп, сый-құрмет көрсеткендері үшін алғысын айтты.

«Ұстаздық жолдың қызығы мен шыжығы қатар, жауапкершілігі мол мамандық. Білім беру саласында еңбек етіп, абыройлы қызметті атқарып жүргеніме қуанамын. Шәкірт тәрбиелеп, оның үлкен маман иесі болғанын көру – мен үшін үлкен бақыт. Еңбегімізді елеп жатқан Алматы облысы Жастар ресурстық орталығына алғысымды білдіремін», — деді колледждің тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары Кенехан Тажибаев.

Ұстаздарға арнап Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің студенттері мерекелік концерт ұйымдастырды. Оларға ізгі тілектерін айтып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, қазір мұнда 20-ға жуық маман қызмет етеді. 216 студент бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі бойынша даярланып жатыр. Сол себепті мұндағы ұстаздар – студенттерді тек шәкірт емес, өздерінің ізін жалғайтын маман ретінде қабылдайды.

Сондай ақ, орталық мамандары өңірдегі орта білім беру мекемелерімен тығыз байланыста. Қонаев қалалық кітапханасында 9 аудан-қаланың жас ұстаздарымен кездесу өткізілді. Мұнда Жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы Балжан Досалы қатысушыларға білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Олардың жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеуде рөлі өлшеусіз екенін атап өтті. Сондықтан аудандар мен Қонаев қаласының 30-ға жуық білікті ұстазын кәсіби мереке кезінде арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған республикалық конференция өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Ішімдікке қарсы күрес – салауатты қоғамның басты кепілі

Диана Ахметова
01.07.2026

Президент Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

Алматы облысының тауларында жоғалған зейнеткер аман табылды

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

1 шілдеден бастап Қазақстанда не өзгереді? Жаңа Конституциядан бастап QR-төлемдерге дейінгі басты өзгерістер

Қорлан Нұрланқызы
01.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz