Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қайнар ауылында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026
Аймақ, Алматы облысы

Ведомство ұсынған мәліметке сәйкес, соққының күші қатты болғаны соншалық – көліктің кабинасы мыжылып, жүргізушінің аяғы жаншылған темірдің арасында қысылып қалған. Оқиға орнына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жедел жеткен.

Құтқарушылар зардап шеккен азаматты босату үшін Holmatro кәсіби гидравликалық құралын қолданған. Мамандар операцияны аса мұқият жүргізгенін айтады, себебі жүргізушінің қосымша жарақат алу қаупі жоғары болған.

1986 жылы туған ер адам көліктен шығарылып, әрі қарай медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Ол ауруханаға жеткізілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді жол қозғалысы кезінде жылдамдық режимін қатаң сақтауға, әсіресе елді мекендер аумағында барынша мұқият болуға шақырды.

Тегтер: Алматы облысыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz