Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тұрғындар жолды жапты: басшылықпен жиын өтеді

Алматы облысы Жамбыл ауданы Айдарлы мен Ащысу ауылдарының тұрғындары таңғы 10.30 шамасында жолды жапты, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

17.07.2023
Аймақ
Фото: бейнежазбадан қиып алынды

Фото: бейнежазбадан қиып алынды

Айтуларынша, егіншілік, бау-бақшаны кәсіп еткендер судан тарығып отыр. Себебі, Күрті су қоймасының суын бұрып алатындар көбейген.

Ал Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл мәселенің баяғыдан бар екенін жеткізді.

«Су қоймасынан шыққан су 70 шақырым ағады. Оның 25 км арығы ғана бетондалған. Сол үшін аққан судың біршама бөлігі топыраққа сіңіп кетіп жатыр. Қазіргі таңда арықты бетондап шығуға 19 млрд теңгеге жобалық-сметалық құжаты дайындалған. Жақында ол жаққа Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев барып, мәселемен танысты. Ол аталған проблема республикалық деңгейде қарастырылатынын, ақшаны тезірек бөлгізу үшін көмек беретінін айтты», — деді баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.

Оның мәліметінше, Ащысу ауылының әкімі халықпен сөйлескен соң жол ашылған. Енді ауылға аудан әкімінің орынбасары А.Тұматаев кетті. Ауқымды жиын өтеді. Барысында шаруалардың кезекпен жерді суару мәселесі қарастырылады.

Көліктердің қатынауына еш кедергі жоқ. Қосымша ақпарат жиын өткен соң жарияланады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Alatau News (@alataunews.kz)

Тегтер: Алматы облысысу тапшылығы. жолды жапты

Соңғы жаңалықтар

215 млн теңге табыс: Алматы облысының өнімдері елордадағы жәрмеңкеде жоғары сұранысқа ие болды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Тоқаев Маңғыстаудағы 14 әскери қызметшінің қазасына қатысты мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Жаңа Қорғаныс министрі тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

Алматы облысы Астанаға 180 тонна ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді

Қорлан Нұрланқызы
27.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz