Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тазы мен төбет иттерінің көрмесі өтті

Елімізде алғаш рет ауқымды тазы мен төбет көрмесі өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

14.11.2022
Аймақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Шопан ата» агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбай және Сұлтан Ибрагимовтың ұйымдастыруымен «Жеті қазына» төбет және тазы ит өсірушілер қауымдастығы құрылды.

Жаңадан құрылған қауымдастықтың ұйытқы болуымен Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында тазы, төбет иттер көрмесі өтті.

Шараның мақсаты — тазы мен төбет жанашырларының басын қосып, біріктіру, олардың тұқымын сақтап қалумен қатар, ғылыммен ұштастыру мәселелерін талқылау және осы мәселеге сала мамандарын тарту.

Одан бөлек, ұйымдастырушылардың қазақтың тазысы мен төбетін түркімен алабайы сияқты ұлттық брендке айналдырып, тазы-төбет ұстауды ел арасында кеңінен насихаттау мақсаты бар.

Қауымдастық құрылтайшысы Алмасбек Садырбайдың айтуынша, тазы – жеті қазынаның бірі, ұлтымыздың құндылығы, байлығы.

Оның тұқымын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу — қауымдастықтың басты миссиясы.

Көрмеге Қарағанды, Ақмола, ШҚО, Абай, Жамбыл облыстарынан және Ресейден қонақтар келді. Сондай-ақ, шараға тазы мен төбет өсіруші энтузиастар, сарапшылар мен кинологтар қатысты.

Айта кетсек, Украинаның Харьков қаласынан келген ит өсіруші Дмитрий Райхберг, төбет туралы ғылыми мақалалар авторы А.Қожахметов, экс-кинолог Владимир Владимирович, тазы сарапшысы А. Алпысбаев, С. Ибрагимов, П. Пенкин, Махамбет Спабеков көрме қонағы болды.

 

1 of 8
- +

 

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өтті

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісіне 39 млрд теңге инвестиция салынады

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысында жылына 200 тонна балық өндіретін жаңа кешен іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Алматы облысы экспортқа бағытталған өндіріс орталығына айналып келеді

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

Марат Сұлтанғазиев: «Алматы облысында туризм экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс»

Қорлан Нұрланқызы
14.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz