Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында сүт өндірушілеріне арналған оқыту орталығы ашылды

Алматы облысында сүт өндірушілеріне арналған Консалтинг және оқыту орталығы ашылды.

27.10.2023
Аймақ

Жоба сүт өндіру саласындағы қазақстан-герман KFM бағдарламасының екінші кезеңі аясында жүзеге асырылып отыр.

Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру Алматы облысы, Талғар ауданында орналасқан «Байсерке Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының базасында жүргізілетін болады. Ол үшін агрохолдинг 30 орындық дайын жатақханасы бар инфрақұрылымды, асхананы, теориядан өту үшін оқу сыныптарын, практикалық дағдыларды алу үшін сауудың заманауи түрлері бар сүт-тауар фермасын қамтамасыз етеді.

Орталықтың жұмысы KFM бағдарламасының жетекшісі Уве Веддигенің басшылығымен жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты — сүт саласында практикалық дағдыларды игеру, шаруа қожалықтарының пайдасын арттыру, қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізу үшін сүт сапасын жақсарту және мемлекеттің сүт импортына тәуелділігін 39%-дан 11%-ға дейін төмендету.

Қазақстандағы KFM бағдарламасының жетекшісі Уве Веддигенің айтуынша жобаның басты мақсаты – келешекте елімізде мамандарды оқытатын халықаралық деңгейдегі тренерлерді дайындап шығару.

«Оқыту сүт өндіру саласының барлық тармағы бойынша жүргізіледі. Ол сиырды емдеу, тамақтандыру, тұяғын тазалау және де басқа жұмыстар» — деді Уве Веддиге.

Орталықтың әлеуетті контингенті — аграрлық университеттердің түлектері мен студенттері, сондай-ақ сүт фермалары мен шаруа қожалықтарының мамандары болады.

Оқыту кадр тапшылығын қысқартуға, жаңа және жұмыс істеп тұрған сүт өндіретін фермаларда мамандардың біліктілігін арттыруға, сондай-ақ сүт өндірісінде жұмыс істеуге жастарды тартуға ықпал етеді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта 100 жас спортшы жазғы сауықтыру лагеріне тегін жолдама алды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

Алматы облысында нөсерден кейін Тұрген өзені тасып, туристер эвакуацияланды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі

Диана Ахметова
02.07.2026

Алматы облысында техникалық білім беру мәселелері талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
02.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz