Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті

Алматы облысында 9–11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үшінші, облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Білім додасы 2026 жылдың 5–7 қаңтары аралығында өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
08.01.2026
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Олимпиада Ш.Смағұлов атындағы «Білім-инновация» лицейінің (БИЛ) және Абай атындағы мамандандырылған гимназия-интернатының базасында өткізілді. Зияткерлік сайыстың басты мақсаты – дарынды оқушыларды қолдау, олардың білім деңгейі мен зияткерлік қабілеттерін дамыту.

Ш.Смағұлов атындағы «БИЛ» базасында орыс сыныптарындағы қазақ тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ сыныптарындағы орыс тілі, информатика, физика және химия пәндерінен сайыс өтті. Ал Абай атындағы мамандандырылған гимназия-интернатында құқық негіздері, Қазақстан тарихы, география, математика, биология, орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім сыналды.

Облыстық кезеңге барлығы 747 оқушы қатысты. Оның ішінде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша – 364, ал қоғамдық-гуманитарлық бағытта – 383 оқушы бақ сынады.

Олимпиада кестесіне сәйкес, 5 қаңтар – қатысушылардың келу күні болса, 6 қаңтарда бірінші тур, 7 қаңтарда екінші туры болды. 8 қаңтар – апелляцияға өтініш беретін күн болып белгіленді. Аталған кезеңге Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Балқаш және Жамбыл аудандарынан келген оқушылар қатысты.

Олимпиаданың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатында барлық аудиторияларда YouTube платформасы арқылы бейнебақылау жүргізілді. Облыстық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар республикалық кезеңде Алматы облысының намысын қорғайтын болады.

Тегтер: Алматы облысы білім саласыБасты жаңалықтарРеспубликалық олимпиада

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz