Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында репрессия жылдары атылған адамдардың сүйегі табылды

Арулап жерленіп, ардақтап көмілмегендер жер бетіне қайта шықты.

14.06.2023
Аймақ

1 жарым метр тереңдіктен табылған сүйектердің барлығы репрессия жылдарында жазықсыз оққа ұшқандарға тиесілі. Аумақта тек адам сүйегі емес, ату жазасына кесілгендердің жеке құралдары да анықталып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Алматы облысына қарасты Жаңалық ауылында адам сүйектері бұған дейін де бірнеше мәрте табылған еді. Көбіне су тартып, құбыр жүргізгенде шығатын тарихи материалдар биыл бірінші рет мемлекеттік жоба аясында зерттеліп отыр. 14 күннің ішінде 15 шақты адамның денесі шыққан ауылда археологтар «әлі де 4 мыңнан аса мүрде жатуы мүмкін», дейді.

«Сүйектерден бөлек, алтын тіс, түймелер, киім мен аяқ киім бөліктерін де көзбен көріп, қолмен ұстадық. Табылған жәдігердің көбі жақсы сақталыпты. Тек адам сүйектері бір кезде көшеде жүргізілген жөндеу жұмыстары кезінде бүлінгендіктен, көбіне шашырап кеткен.
Бұл басылым бөлігі 1934-54 жылдары шыққан «Сталин жолы» газетіне тиесілі екен. Қаріп танып, газет оқығанына қарап, тарихшылар бұл маңда білімдар адамдардың атылуы мүмкін», — дейді. Басқа деректер де осы болжамға әкеп тіреп тұр.

«Криминалистік, соттық антропологиялық талдау секілді ғылыми жұмыстарды жүзеге асырады. Ал үшінші кезеңде осы табылған сүйек қалдықтарына ДНК анализ жасауға Алматыдағы генетика институты мен Вильнюс қаласындағы генетика институты атсалысады», – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.

Табылған материалдардың ішінде әйел адамға тиесілі заттар да бар. Ал денелердің көбі 1 жарым метрден-ақ жер бетіне шығып жатқан көрінеді. Соған қарағанда адамдарды арнайы жерлемеген, тек атқан соң, көме салған деген де болжам бар.

Мұндай толыққанды зерттеуге сүйенген қазба жұмысының Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқанын айтуымыз керек. Бұған дейін репрессия құрбандары тақырыбындағы сараптамалық-археологиялық жұмыс тіпті ТМД елдерінде де ресми атқарылмаған. Есік қорық-мұражайы мен тарихшы-ғалымдар бірлескен жобаны елдің Мәдениет министрлігі қолдапты.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта заманауи кардиологиялық орталық ашылды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысында журналистерге пәтер кілті табысталды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы мен Таиланд жаңа инвестициялық жобаларды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Алматы облысы Тәжікстанмен сауда-экономикалық байланысты нығайтады

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

Тоқаев әскерге шақыру рәсімін жаңа форматта өткізуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
26.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz