Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Қазқұтқару – 2023» оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығу 20 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

13.09.2023
Аймақ

«Тамғалы-Тас» шатқалында орналасқан «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында ТЖМ-нің ұйытқы болуымен «Қазқұтқару — 2023» кешенді тактикалық оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жарысқа алғаш рет Түркия қатысып отыр. Бұл елден бөлек, оқу-жаттығуда Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан елдерінің командалары бой көрсетпек. Ал байқаушы ретінде Венгрия елінің мамандары шақырылған.

Жарыс «Техногенді апаттар жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары», «Орташа қиылысқан жерлер бойынша командалық эстафета» және «Белтемірдегі кешенді күштік жаттығу» секілді дистанциялардан өтуді қамтиды.

Шара ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың басшылығымен өтпек.

«Жарыстарда құтқарушылар адам өмірін құтқаруда өз дайындығы мен шеберлігін шыңдайды, тактикалық тәжірибе алмасуды жүзеге асырады. «Қазқұтқару-да» құтқарушылардың алған үлгілері мен дағдылары өткен жылдардағы төтенше жағдайлардағы уақтылы және жедел ден қоюға мүмкіндік берді. Айтып өтетін болсақ, жылда өтетін «Қазқұтқару» жиыны біздің министрліктің жеке құрамдарының, департаменттердің қызметкерлерінің, құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің жұмыстарын жоғары нәтижелі болуына ықпал беріп отыр», — деді министр.

Сонымен қатар шараның салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматы облысының әкімдігі құтқару бөлімшелерінің, оның ішінде «Жартасты қала — Астана» оқу-жаттығу полигонының материалдық – техникалық базасын нығайтуға жан-жақты көмек көрсетуде. Құрметті құтқарушылар, баршаңызға сәттілік тілеймін, ең бастысы жарыстың барлық кезеңдерін жарақатсыз және жазатайым оқиғаларсыз өтуге тілектеспін», — деді өңір басшысы.

Кешенді тактикалық оқу-жаттығулар алдымен құтқару жұмыстарының үлгілік көрсетілімінен басталды.

Айта кетейік, «Жартасты қала — Астана» полигоны көліктің барлық түрлерін және авариялық-құтқару жабдықтарын қолдана отырып, құтқарушыларды даярлауға арналған. Сондай-ақ Қапшағай су қоймасында құтқарушы-сүңгуірлерді дайындауға бейімделген оқу орны бар.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz