Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында оқушыларға арналған өнер мектебі ашылды

Алматы облысы, Шалқар ауылында оқушыларға арналған өнер мектебі ашылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

10.11.2023
Аймақ

Білім беру ұйымы орналасқан ғимарат бұрын жекенің меншігінде болған. Биыл аудандық әкімдіктің ықпалымен, нысан мемлекет иелегіне қайтарылды. Енді ауылдағы балалар түрлі үйірмелерге қатыспақ.

Айша Өксікбай Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдаған соң ұстаздық жолға түсті. Шалқар ауылында өнер мектебі ашылғанына қатты қуанды. Өзі аптасына екі рет 15 шақырым жердегі Абай ауылынан келіп балаларға фортепиано үйретеді.

«Ауылда өнерлі оқушы көп. Солардың талабын шыңдап, талантын ашуға білікті ұстаздар келіп жатқанына ризамыз», — дейді Шалқар ауылының тұрғыны Гүлнәр Құбашева.

Мектеп 350 оқушыға арналған. Мұндағы жас өнерпаздар 17 бағытта қабілетін шыңдай алады. Атап айтқанда, фортепиано, домбыра, шаңқобыз, қолөнер, гитара, актерлік шеберлік сияқты өнердің түр-түрін үйренулеріне мүмкіндіктері бар. Мекемеде 65 мұғалім жұмыс істейтін болады.

«Жалпы қабылдау емтиханына 298 бала келіп қатысты. Оның ішінде 185 бала оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар Қаскелеңде бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан ақылы мектептен 120 бала бізге ауысып келді. Жалпы бүгінгі таңда 305 бала қабылданды», — дейді өнер мектебінің директоры Медет Уәлиханұлы.

Тағы бір айта кетерлігі, шағын өнер ордасында басқа елдімекеннің балаларына да білім алуға болады. Жақында ашылған №5 бағытта жүретін автобуспен Жандосов, Шамалған, Бекболат, Қайнар ауылдарының оқушылары күнде келіп, өнерге үйренеді.

Тегтер: Алматы облысыөнер мектебіШалқар ауылы

Соңғы жаңалықтар

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz