Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында мүгедектігі бар балаларды бейімдеу орталығы ашылды

Алматы облысында республикалық «Zhas Project» жобасы аясында мүгедектігі бар балаларды бейімдеу орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды Alataunews.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

26.10.2022
Аймақ

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды бейімдеуге арналған дене шынықтыру-сауықтыру орталығы Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан. Оны бұрынғы спортшы Анастасия Ряполова грант аясында ашқан.

«Спортпен кәсіби тұрғыда 10 жыл бойы айналысып келемін. 2 топтағы мүгедек бола тұра мен бейімдеу спорты адамдардың алдында жаңа мүмкіндіктерді ашатынына, төзімділікке, өмірден ләззат алуға, қорқыныш пен ұяңдылықты жеңуге үйрететініне көз жеткіздім», — дейді Анастасия Ряполова.

«Zhas Project» жобасы әлеуметтік осал топтардағы жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тартуға, сондай-ақ жергілікті жерлерде бизнес-идеяларды қолдауға бағытталған. Ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылады.

Осылайша, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан және Ұлытау облыстарында 252 бастамашыл топ 1 млн теңгеге дейінгі грантқа ие болып, өз идеяларын іске қосуға кірісті. Гранттық жобаның 25-сін Алматы облысының жастары, 38-ін Жетісу облысының жастары жүзеге асырып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

«Көкпек – Кеген» автожолының бір бөлігін сел суы шайып кетті

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Марат Сұлтанғазиев ауыл әкімдеріне маңызды міндеттер жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz