«Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен:
- Нүсіпбаева Альмира Халелқызы – Алматы облысы әкімі аппаратының бас инспекторы;
- Даулбаева Нуржамал – Жамбыл ауданы Теміржол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы;
- Болатов Марат Билібайұлы – Балқаш ауданы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі марапатталды.
Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасы:
- Бейсембаева Торғын Сағатовна – Жамбыл ауданы Бозой ауылдық округінің әкіміне;
- Маханбеткалиулы Махсат — Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің әкіміне;
- Рысбаев Есбол Токхожаевич – Еңбекшіқазақ ауданы Бәйдібек би ауылдық округінің әкіміне табысталды.
Ал Алматы облысы әкімінің Алғыс хатына 3 маман ие болды. Сондай-ақ облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Ләззат Бейсекулова да мамандарды құттықтады.
«Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенімнің белгісі. Сенім артып отырған халыққа қызмет етуден құрметті мамандық жоқ. Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдіміз. Отанымыздың даму үрдісімен сабақтас әр күндеріңіз қуаныш пен мақтанышқа бөлесін! Сіздерге осы мәртебелі істе табыс, жақсылық пен бейбітшілік, кемеңгерлік пен төзімділік тілеймін», — деді департамент басшысы.

Ләззат Бейсекулова департамент басшысының Құрмет грамотасын 5 маманға табыс етті.
Бұдан бөлек:
- мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, мәдени-тарихи құндылықтарды түсіну мақсатында өткізілген «Дәстүрден тағылым» байқауының жеңімпаздары – Талғар ауданының командасы;
- Алматы облысының «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» байқауының жеңімпазы – Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Жандосов Азамат Серікұлы;
- Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ең үздік видеоқұттықтау байқауының жеңімпазы — Қонаев қаласының әкімдігі марапатталды.





