Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Күлпет» романының тұсаукесері өтті

2023 жылдың 30 қазанында Қонаев қалалық Мәдениет үйінде «Mecenat.kz» әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «Күлпет» романының тұсаукесері өтті.

01.11.2023
Аймақ

Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы ұйымдастыруымен шараға Қонаев қаласының зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, ақын Төлеужан Нүсіпжанұлы Ғұмаров шара модераторы болды. Шарада кітап көрмесі, автор құрметіне өмірбаяндық бейне-ролик, келген оқырмандар арасында қызықты сұрақтар қойылды.

Шараның екінші бөлімінде Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжат басқармасының басшысы Алиев Данияр Абзалиденұлы құттықтау сөз сөйлеп, сый құрмет көрсетіп, «Күлпет» атты кітаптың тұсауын кесті.

Шараның негізгі мақсаты – ұлтымыздың әдеби қоржынына тыңнан сүрен салып келген сүбелі шығарманы насихаттау және авторға қолдау білдірумен қатар жаңа туындыны оқырмандарға таныстыру.

Бұл еңбекте отансүйгіштік, қазақ әйелінің адалдығы, тіл мен діл секілді құндылықтар кеңінен дәріптелген. Енді бұл роман Алматы облысындағы барлық кітапханалардың төрінде тұрады. Өңір тұрғындары тағылымы мол шығармадан өзіне керегін алып, философилық тұрғыда ой-өрісін кеңейте алады.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz