Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тұрғындар жолды жаппақ болды

Алматы маңында Қарасай ауданы Кемертоған ауылының тұрғындары жарықтың жоқтығына байланысты облыстық тасжолды жауып тастауға шықты.

17.10.2023
Аймақ

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Жазба авторының сөзінше, тұрғындар жарыққа қатысты қордаланған мәселелерді шешу үшін жолды жауып тастамақ.

«Электр энергиясының жоқтығынан су, электр жарығына қосылған газ пеші жұмыс істемейді. Үйде суық», — делінген хабарламада.

Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі 15 қазан күні сағат 22:30-да Іргелі ауылдық округіне қарасты Кемертоған ауылының тұрғындары электр қуатының өшуіне байланысты Алматы-Бішкек тас жолының 24 шақырымында (Кемертоған ауылына бұрылу) жолды жауып тастамақ болғанын хабарлады.

Аудан әкімі Абылай Ысқақов жиналғандармен кездесті.

«Нәтижесінде күре жол жабылған жоқ. Оқиға орнында алынған ақпарат негізінде электр желісінде қысқа тұйықталу болғаны анықталды. 2343 трансформаторлық қосалқы стансасын тексеру кезінде жоғары вольтты жерасты кабелінің жанып кеткені белгілі болды. Қазір апаттық бригада оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», — деп жауап берді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz