Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ат бәйгесі өтті

Алматы облысында Қонаев жүлдесіне арналған ат бәйгесі өтті.

21.08.2023
Аймақ

Тұлпарлар додасы Қарасай ауданындағы «GULNAR BAQ» спорт базасында бастау алды. Мұнда ұлттық ат спорты түрлерінен және жағажай волейболынан Алматы облысының ашық турнирі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым ұлттық спорт — халықтың қазынасы, деді.

«Бұл – ұлттық мәдениетімізді жаңғыртуда, оны насихаттауда жасалған қадам. Дінмұхамед Қонаев есімі жаңа Қазақстан қоғамында жаңаша жаңғыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаев есімі беріліп, Алматы облысының орталығына айналды. Дінмұхамед Ахметұлының еңбек жолы мен игі істері мәңгілік жадымызда», – деді Нұрлан Ерғалиұлы.

Айта кетейік, даланы дүбірге бөлеген жарысты ұйымдастыруға генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев мұрындық болған. Атымтай жомартқа Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиевтің атынан ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табысталды.

Жағажай волейболына ұзын-саны 32 команда қатысқан, ал бәйгеге республиканың әр тарапынан сәйгүліктер сынға түскен.

Жарыс нәтижесі төмендегідей:

Топ бәйге (15 шақырым)

І. Роза аты – иесі Мерхат Бұлғынов (Алматы облысы, Талғар ауданы)
ІІ. Бұлбұл аты – иесі Арыстан Күдебаев (Алматы облысы, Жамбыл ауданы)
ІІІ. Баян аты – иесі Әли Нұрмұхаметов (Жамбыл облысы, Қордай ауданы)

Аламан бәйге (25 шақырым)

І. Айсуат аты – иесі Бақытбек Мырзабаев (Алматы облысы, Жамбыл ауданы)
ІІ. Падиша аты – иесі Әлімтай Молдасеитов (Жамбыл облысы, Қордай ауданы)
ІІІ. Саудия аты – иесі Наил Фахриев (Жамбыл облысы, Қордай ауданы)

Жеңімпаздарға автокөлік кілті, ал жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табыс етілді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz