Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әлеуметтік клуб оқушыларға тегін білім береді

Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр ауылында тұрмысы төмен отбасылардан барлығы 500-ге жуық бала мектептен тыс тегін қосымша оқумен қамтылып отыр. Оның ішінде 360 бала қосымша білім алып үлгерді.

01.11.2023
Аймақ

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржылай қолдаған жобаның ерекшелігі – кішкентай шәкірттерге зейнеттегі, тәжірибелі педагогтер сабақ береді.

«Жалпы білім саласы біздің үнемі назарымызда. Көргені көп, өмірден түйген даналығы мол егде жастағы педагог аға-апаларымыздың зейнетке шыққанына қарамастан жас буынды тәрбиелеп, сауатын ашуда белсенділік танытып жатқаны қуантады. Осылайша тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің тұлғалық дамуына ден қойылуда», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева.

«Шыңға өрлеу» деп аталатын бұл әлеуметтік клубта жұмыспен қамтылған әлеуметтік осал топтағы 25 педагог-тәлімгер 1-4-сыныптың 120-дан астам оқушысын күнделікті тегін оқытады. Осылайша ұрпақтар сабақтастығы қалыптасып, өзін жалғыз сезінуден арылуға мүмкіндік алған қариялар балаларға қамқорлық танытумен қатар жылуын сыйлап, мол тәжірибесімен бөліседі.

Балаларға негізгі мектеп пәндері (математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, IT технологиялар) бойынша үй тапсырмасын дайындауда кәсіби көмек көрсетіліп қоймай, сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары дене шынықтыру, сәндік-қолданбалы өнер, шахмат, хореография, музыка, домбыра, үй шаруашылығы және т.б. спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге қатысады.

«Жұмыс мемлекеттік бастауыш білім беру стандарттары талаптарына негізделген. 6 ай ішінде мемлекеттік және ұлттық, басқа да мерекелерге орай тәрбиелік мәндегі 30 шара өткізілді. Клубқа келуші өскелең ұрпақтың 70 пайызында білім сапасының артқаны байқалады. Күн тәртібін де денсаулық жақсарып, көңіл-күй көтерілетіндей тиімді құруға тырысамыз. Балалар театрлар мен кинотеатрларға, кітапханалар мен мұражайларға, хайуанаттар бағына барады», – деді «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының басшылығы.

Жоба барысында оқушылардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетілетінін де айта кеткен жөн.

Тегтер: Алматы облысыІле ауданы

Соңғы жаңалықтар

СІМ басшысы: Қазақстан заңсыз көші-қонмен күресті күшейтіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Қазақстанда медициналық мақсаттағы есірткі құралдарының тізімі кеңейтілді

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында өрік фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

Алматы облысында 251 млн теңге субсидияны заңсыз алғандарға сот үкімі шықты

Қорлан Нұрланқызы
18.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz