Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 820 грамдық нәресте дүниеге келді

Соңғы жылдары медицина қарқынды дамуда. Дәрігерлер жүктілік кезіндегі скрининг ұрықтың дамуы кезінде туындауы мүмкін проблемаларды уақытында анықтауға мүмкіндік беретінін алдыға тартып отыр.

13.10.2023
Аймақ

Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты акушер-гинеколог дәрігері Ракишева Айман Ғалымжанқызының айтуынша, жүктілік кезінде балаға қауіп төндірмеу мақсатында әйелдер кейде ем-дом алып жатады. Ол дұрыс. Неонаталдық медицина шала туылған нәрестелердің ауыр мүгедектіктен арашалап қалуында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, баланың әрі қарай сапалы өмір сүріп кетуіне мүмкіндік беріп отыр. Дене салмағы өте төмен балалар жақсы дамып, ата-аналарын қуантуда.

Осындай оқиғалардың бірі, Алматы облысы Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында болды. Дүниеге уақытынан ерте, салмағы небәрі 820 грамдық нәресте келді. Кішкентай ұл баланың 26 жастағы анасына, жүкті әйелдердің қан қысымы көтеріліп, зәрінде ақуыз пайда болатын ауыр преэклампсия диагнозы қойылған. Аталған диагноз болашақ аналардың шамамен 8%-ында кездесіп жатады. Бұл жағдай ана мен бала денсаулықтарына ауыр асқынулар әкеліп, кейде өмірлеріне де қауіп төндіруі мүмкін.

Бірнеше апта бұрын Қонаев қалалық ауруханасының перзентханасында Әлтаир есімді бала туылды. Өте ауыр хәлде дүние есігін ашқан шақалақтың болашағына дәрігерлер сеніммен қарай алады. Шала туған нәресте әдетте, орталық нерв жүйесінің және тері қабатының температураcын реттеу қызметінің жетілмей туу себебінен дене температурасын өз қалпында ұстай алмайды. Салқын жерде тез тоңып, ыстық жерде дене қызуы көтеріліп кетеді. Сондықтан, шала туғандарға шалалықтың дәрежесіне сәйкес әртүрлі температуралық режимді сақтау қажет. Аталған медициналық мекемеде шала туылған балаларға күтім жасайтын арнайы медициналық технологиялар жеткілікті.

«Біз үшін мұндай баланың әр күні маңызды. Оның үстіне, нәрестенің жағдайында оң динамика болса, бұл біз үшін үлкен жетістік, біздің жұмысымыздың орасан зор нәтижесі. Әлтаир нәрестенің 820 грамм болып туған сәті есімде. Шала туған бала үшін бөлімшемізде барлық медициналық күту құрылғылары қарастырылған», — дейді дәрігер-неонтолог Назым Қалтайқызы Мекебаева.

Бүгінде нәресте өздігінен тамақтануды үйренді. Салмағы өте аз баланы күтіп, оны өмірге бейімдеу оңай емес. Сондықтан дәрігерлер осы уақытқа дейін бала үшін нақты болжам жасауға үрейленді. Тіпті сәби бір айға жуық жатқан жансақтау бөлімшесінен қарапайым палатаға ауыстырған кезде де болжам айту оңай болмаған. Бірақ бүгін Әлтаирдың өзі де өмірі үшін күресіп жатқаны анық. Туылғанннан бері ол салмағы екі есеге жуық артқан.

Дәрігерлер кішкентай Әлтаирдың жақын арада үйіне оралатынына сенімді. Ол қазір Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Әсем Орынбайдан тарихи жеңіс: Қазақстан Әлем кубогында алғашқы медаль алды

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Алматы облысында кене шағу дерегі екі есе артты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев кәсіпкерлері «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдады

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Өскемендегі «Қазцинк» кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

Қонаев маңындағы ауылдарда ауыз су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
05.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz