Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысында жер қатынастары мәселесі талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлесіп, прокуратура, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы және Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуымен жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
02.02.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар, Қоғам

Кездесуде департамент басшысы Арсен Жақыпов дөңгелек үстелді өткізудің негізгі себебі азаматтардың Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарына шағымдарының көп екенін атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша департамент рұқсат беру мерзімдерін, тәртібін бұзғаны, сондай-ақ мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз бас тартқаны үшін ӘҚБтК-нің 465-бабы бойынша 77 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, 4 млн.теңге көлемінде мемлекеттік кірісіне өндіріп алды.

Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Роллан Дүйсенбиев былтырдың қорытындысына сәйкес «жер даулары» санаты бойынша 107 әкімшілік талап-арыз қаралғанын, оның 80% -дан астамы қанағаттандырылғанын еске салды. Роллан Дүйсенбиев сондай-ақ мемлекеттік органдардың азаматтардың өтініштерін сапалы қарауы азаматтардың сотқа жүгіну статистикасына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері жер қатынастары саласындағы заңнамада қайшылықтардың болуы туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ бірқатар ақпараттық жүйелерді интеграциялау қажеттілігі туралы ұсыныс жасады.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің көрсетілетін қызметті алушыларға бағдарланған шешімдер қабылдау және азаматтардың өтініштерінің қорытындысы бойынша сапалы шешімдер дайындау жөнінде құзыреттерін дамыту сұрақтармен және тиісті жауаптармен алмасты.

 

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Alatau City-де UBTECH технологиялары енгізілуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Алматы облысындағы «Көлжат» кен орнында 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Қазақстандағы қаралы күндер: ел қашан жалпыұлттық аза тұтты?

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: шетел басшылары көңіл айтты

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды

Қорлан Нұрланқызы
25.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz