Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы: ЖЭО-3 жұмысы қайта жаңғыртылады

Бұл туралы өңірге іс-сапары кезінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

29.10.2022
Аймақ

«Іле ауданы Өтеген батыр кентінде орналасқан ЖЭО-3 және Алматыдағы ЖЭО-2 жұмысы модернизацияланады, яғни қайта жаңғыртылады. Себебі, бұл жылу электр орталықтары Алматы қаласының, Алматы агломерациясына жататын аумақтардың ауасы ластануының бірден-бір факторы», — деді министр.

Оның айтуынша, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Ашық тендер өткізіледі. Барлық жұмыстарды 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

«Арнайы трубиналар салынып, жұмыс бағыты өзгерсе, ЖЭО-2-нің ауаға бөлетін қалдықтары 38 мың тоннадан 2 мың тоннаға дейін, ЖЭО-3-тегі ауа ластаушы заттары болса 12 мың тоннадан 2,0 мың тоннаға дейін азаяды», — деді Серікқали Брекешев.

Министрдің сөзіне сүйенсек, экология мәселесін талқылау үшін жылу электр орталықтары тиесілі «Алматы электр станциялары» (АлЭС) компаниясының мамандары бірнеше рет халықпен кездескен.

Модернизация бойынша жұмыс жоспары мынадай:

• 2022 ж. желтоқсан — ҚР Энергетика министрлігі қайта аукцион өткізеді;
• 2023 ж. І тоқсаны — Еуропа даму банкімен несиелік шартқа отыру және ЕРС (Engineering, Procurement, Construction — кешенді құрылыста қолданылатын келісім шарт) — шарт жасау.

Айта кетерлігі, ЖЭО-3 жылу қуаты 335 Гкал/сағ, электр қуаты 300 млн кВт/сағ құрайды. Қазіргі таңда электр қуаттылығын жылына 450 МВт-қа жеткізу үшін де жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кешегі күннен бастап ЖЭО-2 конкурсы мемлекеттік сатып алулар ресми сайтында жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық жастар күні: жастар – ел болашағының берік негізі

Қорлан Нұрланқызы
13.08.2026

Қырағылық – киберқылмысқа қарсы қорған

Диана Ахметова
13.08.2026

Жол мәдениеті – адам өмірінің кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

Экологиялық мәдениет – өркениет өлшемі

Диана Ахметова
13.08.2026

Құқықтық қоғам – жарқын болашақ кепілі

Диана Ахметова
13.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz