Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы кеденінде дәрі-дәрмек контрабандасының партиясы тәркіленді

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекеті мен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бірлесіп Авиациялық көлік прокуратурасы бастамасымен Үндістаннан әкелінген контрабанданы тәркіледі.

14.04.2023
Аймақ

Мәлім болғандай, күдіктілер таза салмағы 356 кг болатын 54 449 дана «тағамға биологиялық белсенді қоспа» деген атпен дайын дәрілік заттардың партиясын (таблетка түрінде) Қазақстанға кіргізуге тырысқан.

Кедендік сараптама нәтижесінде тауар «дәрілік зат» болып табылатыны және терапевтік мақсаттарда пайдалануға арналғаны анықталды. Ол дозаланған дәрілік формада бөлшек саудаға арналып оралған.

Жүргізілген есептеулерге сәйкес тауарлардың кедендік құны 43,4 миллион теңгені, ал бюджетке келтірілген шығын сомасы 5,2 миллион теңгені құрады.

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 234-бабында көзделген «экономикалық контрабанда» бұзушылық белгілері байқалады, осыған байланысты материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

2023 жылдың басынан бастап Департамент кедендік тексеру нәтижелері бойынша кеден заңнамасын бұзудың 780 фактісін анықтады, айыппұл сомасы 6,4 миллион теңгені құрады, қосымша 82,2 миллион теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар есептеліп, өндірілді.

Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен кезден бастап кедендік бақылауда екенін еске салады.

Тегтер: алматыдәрі-дәрмеккеден

Соңғы жаңалықтар

Райымбек ауданында 95 шақырым жол жөнделеді

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы – Қаскелең тасжолын сегіз жолаққа дейін кеңейту қашан аяқталады?

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алматы облысындағы 10 ірі кәсіпорын бюджетке 395 млрд теңгеден астам салық төледі

Қорлан Нұрланқызы
06.11.2026

Алатау қаласында 60-тан астам инвестициялық жоба іске асып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 35,3 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz