Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы әкімі ескі зират орнына салынып жатқан тұрғын үй кешеніне қатысты жауап берді

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Горный гигант аумағындағы зират орнында құрылыс жұмыстары жүріп жатқаны түсірілген видео пайда болды. Видео авторлары құрылысшылардың бірнеше бейітті бүлдіргенін атап өткен.

20.10.2022
Аймақ

Басқа жазбаларда құрылыс зиратқа жақындағанын, ағаштар кесіліп жатқанын, шұңқыр қазылғанын атап өтті. Бұл ретте зираттардан 300 метрге дейінгі қашықтықта құрылыс салуға ресми түрде тыйым салынған.

Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде Алматы әкімі Ерболат Досаевқа осы құрылысқа қатысты сұрақ қойылды. Ол бұл жерге тұрғын үй кешені салынбайтынын айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, Әл-Фарабиден жоғары көппәтерлі тұрғын үй кешендерін салуға тыйым салынады. Жер телімі әкімшілік ғимаратпен бірге жеке тұрғын үй құрылысына берілген. Өкінішке қарай, сіз айтып отырған зират тіркелмеген, (50-жылдардағы зират Іле ауданына қараған) тіпті қала картасында да жоқ. Зират жағдайымен айналысуды тапсырдым», — деді әкім.

Сондай-ақ, әкімдік құрылысқа рұқсат берілмегендіктен және құрылыс салушылардың жобалық-сметалық құжаттары болмағандықтан, жұмысты қала құрылысын бақылау бөлімі тоқтатқанын атап өтті. Шұңқыр заңсыз қазылған, қожайындардың біріне қатысты әкімшілік шара қолданылып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Kris P Brothers Almaty (@kris__p__almaty)

Соңғы жаңалықтар

Тазалық – туған жерге деген құрмет

Диана Ахметова
14.08.2026

Меншік құқығын қорғау – заңның басты қағидаларының бірі

Диана Ахметова
14.08.2026

Интернет алаяқтық – заманауи қауіп

Диана Ахметова
14.08.2026

Жолдағы тәртіп – қауіпсіздіктің кепілі

Диана Ахметова
14.08.2026

Алматы облысында өртенген үйден құтқарушылар газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алды

Қорлан Нұрланқызы
14.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz