Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Айналайын ел-жұртым»: Алматыда Қасенәлі Саматыровтың жыр жинағының тұсауы кесілді

Алматы облысының Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейінде ҚР Мәдениет қайраткері Қасенәлі Саматыровтың көрмесі мен Е. Ібітанов атындағы Қарасаз ауылдық Мәдениет үйінде «Айналайын ел-жұртым» атты жыр жинағының тұсау кесу шарасы өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

25.11.2022
Аймақ

Қасенәлі Саматыров — кешегі Көдек ақын, Құлманбеттердің мақам-сазын бүгінгі күнге жеткізуші, айтыс өнерінің өркендеп қанат қағуына мұрындық болған жандардың бірі. Қасенәлі ақын – біртуар талант, орақ тілді Оразалы Досбосыновқа, бүгінде елге танымал Бақыт Жағыпар, Жұматай Оспанұлы сынды сөз ұсталарына ұстаз болған жан.

Ол өзінің композиторлық қырымен де қалың елге кеңінен танымал. «Қайран Қарасазым-ай», «Қызыма» т.б әндері бүгінгі күнде жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленген.

Шара барысында елге белгілі ақын-жазушылар естелік әңгімелер айтып, белгілі әнші-термешілер ақынның жырлары мен әндерінен шашу шашты.

Көрмеде ақынның республикалық айтыстарда жанынан тастамай ұстап жүрген домбырасы мен Мемлекеттен алған сыйлықтары көрермен назарына ұсынылады.

А. А. Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының 8-11 сынып оқушыларымен, Райымбек аудандық білім бөліміне қарасты аудандық 23 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары және аудандық мәдениет саласының қызметкерлері атсалысты.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында тозығы жеткен 22 үй сүріледі: тұрғындар қайда көшіріледі?

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта «Қазақстан – Дания» бизнес-форумы өтті

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Алматы облысында 344 млн долларға салынған ірі сусын өндіретін зауыт ашылды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Қонаевта жасанды интеллектіні меңгерген үздік педагогтер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2026

Құқықтық тәртіп және қоғамдық тұрақтылық

Акжаркын
01.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz